BLUETOOTH күту режимі функциясын пайдалану
BLUETOOTH күту режимінің функциясы қосылғанда, динамик автоматты түрде BLUETOOTH құрылғысын іске қосу арқылы қосылады және BLUETOOTH байланысын іске қосады.
Динамикті пайдаланудан бұрын келесілерді ескеріңіз:
- BLUETOOTH күту режимі функциясы тек динамик айнымалы ток розеткасына USB айнымалы ток адаптері (сатылады) қосылған болса немесе жүктелген компьютерге қосылған болса ғана қолжетімді болады. Динамик тек ішкі батарея арқылы ғана зарядталатын болса, BLUETOOTH күту режимінің функциясы қолжетімді болмайды.
- Динамикті BLUETOOTH құрылғысымен алдын ала жұптастырыңыз. Жұптастыру ақпараты динамикте сақталмаса, мысалы, динамикті сатып алғаннан кейін бірінші рет пайдаланған жағдайда, динамик BLUETOOTH күту режиміне қосылмайды.
- Динамикті USB айнымалы ток адаптері (сатылады) арқылы айнымалы ток розеткасына қосыңыз, я болмаса оны жүктелген компьютерге қосыңыз.
- Динамикті іске қосыңыз.
(қуат) индикаторы ақ болып жанады*.* Дыбыс режиміне байланысты
(қуат) индикаторының түсі өзгеріп отырады. Мәліметтер алу үшін келесі тақырыпты қараңыз.
Индикаторлар туралы
- Бағдарламаны іске қосу үшін смартфоныңыздағы, iPhone және т.б. құрылғыдағы [Music Center] түймесін түртіңіз.

Music Center
- [SRS-XB31] опциясын түртіңіз.

- [Settings] опциясын түртіңіз.

- [Power Option] опциясын түртіңіз.
- [Bluetooth Standby] опциясын түртіңіз.
- [ON] опциясын түртіп, BLUETOOTH күту режимін қосыңыз.
BLUETOOTH күту режимі функциясын өшіру
–
қадамдарын қайтадан орындап, BLUETOOTH күту режимінің функциясын өшіріңіз.
Тұспал
- BLUETOOTH күту режимінің функциясы белсендірілген болса, динамик өшіріліп жатқанда
(қуат) индикаторы сарғылт түспен жанады.

