Динамикке күтім көрсету әдісі
Динамиктің мата бөлшегінде су өткізбейтін материал қолданылғандықтан, төмендегі техникалық қызмет көрсету процедурасын сақтау арқылы динамикті ыңғайлырақ және ұзағырақ пайдалануға болады.
-
Келесі жағдайларда динамиктің беті ластанса, кірді кетіру үшін динамикті таза сумен (құбыр суы, т.б.) дереу жуыңыз. Егер оның бетінде лас қалса, бетінің түсінің өзгеруіне немесе зақымдалуына не динамиктің ақаулығына әкелуі мүмкін.
Мыс.,
-
Таулы жерде, хауыз жанында, т.б. қолданылғаннан кейін динамик бетінде құм, тұз (хлор) немесе басқа қалдық бар болған кезде.
-
Динамикте бөгде заттар (күннен қорғау кремі, күнге күю майы, т.б.) тұрып қалса
-
-
Оның бетінен ылғалды сүртіп тастап, динамиктің ішінде жиналған суды ағызу үшін динамикті құрғақ, жұмсақ шүберекке қойыңыз. Содан соң динамикті құрғақ жерде ылғал кеткенше құрғатыңыз.
-
Динамиктің динамик бөлігіне немесе пассив радиатор бөлігіне (
) су кіргенде дыбыс сапасы өзгеруі мүмкін. Бұл ақаулық емес. Оның бетінен ылғалды сүртіп тастап, динамиктің ішінде жиналған суды ағызу үшін динамикті құрғақ, жұмсақ шүберекке қойыңыз. Содан соң динамикті құрғақ жерде ылғал кеткенше құрғатыңыз.
Ескерту
-
Егер динамиктің беті ластанып қалса, динамикті тазалау үшін жуғыш құралды, сұйылтқышты, бензинді, спиртті, т.б. заттарды пайдаланбаңыз, себебі ол динамиктің мата бөлшегінің су өткізбейтін қасиетіне әсер етеді.
-
Әсіресе суық аймақтарда динамикті пайдаланғаннан кейін ылғалды міндетті түрде сүртіңіз. Егер ылғал оның бетінде қалса, динамиктің қатып қалуына және ақаулыққа әкелуі мүмкін.
-
Егер құм түйіршіктері, т.б. заттар динамиктің мата немесе басқа бөлшегіне кірсе, оларды абайлап алып тастаңыз. Динамикте шаңсорғышты, т.б. құрылғыларды ешқашан пайдаланбаңыз. Ол динамиктің динамик бөлігін немесе басқа бөлігін зақымдауы мүмкін.

