«Sony | Music Center» қолданбасының функциялары
«Sony | Music Center» — «Sony | Music Center» қолданбасымен үйлесімді Sony аудио құрылғыларын смартфоннан, т.б. басқаруға арналған қолданба.
«Sony | Music Center» қолданбасы туралы мәлімет алу үшін мына URL мекенжайына кіріңіз:
«Sony | Music Center» қолданбасымен динамикте орындауға болатын әрекеттер
-
Сауық кешінде жалғау функциясын реттеу
-
Стерео режимде жұптастыру функциясын реттеу, оң (оң жақ) және сол (сол жақ) аудио арналардың орындарын ауыстыру
-
Кірістірілген батарея зарядын көрсету
-
Қуатты басқару опциясы параметрлері (Айналадағы шуды сезу функциясы, STAMINA(батареяға басымдық беру) қуатты басқару опциясы, Battery Care режимі, Батарея заряды (дауыс), Қуатты қосу/өшіру дыбысы, Микрофонның қосылуы/өшуі туралы хабарландыру үні, Автоматты күту режимі функциясы және Bluetooth күту режимі функциясы)
-
Bluetooth байланысының сапасы параметрін «Дыбыс сапасына басымдық беру» және «Тұрақты байланысқа басымдық беру» арасында ауыстыру
-
Монофондық аудио ойнату (әдепкі параметр) және стерео аудио ойнату режимдері арасында ауысу
-
Көп нүктелі байланысты (2 BLUETOOTH құрылғысына бір уақытта жалғану) басқару
-
Динамиктің бағдарламалық құралына арналған жаңартуды немесе бағдарламалық құрал нұсқасын көру
-
BLUETOOTH құрылғыларына байланыс орнату және орнатылған байланыстарды ажырату әрекеттері
және т.б.
Ескерту
-
«Sony | Music Center» қолданбасымен басқаруға болатын әрекеттер жалғанған құрылғыға байланысты әр түрлі болады. Қолданбаның сипаттамалары мен дизайны ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
-
Apple iOS құрылғыларында динамик iOS 10.0 не одан кейінгі нұсқалармен үйлесімді. iOS 9.x не одан бұрынғы нұсқалар орнатылған құрылғыларда BLUETOOTH байланысы қолжетімді емес.
-
«Sony | Music Center» қолданбасының ең соңғы нұсқасын қолданып отырғаныңызға көз жеткізіңіз. Динамик пен BLUETOOTH құрылғысын BLUETOOTH байланысы арқылы бір-біріне жалғай алмасаңыз немесе дыбыстың шығарылмауы сияқты мәселе пайда болса, «Sony | Music Center» қолданбасын жойып, BLUETOOTH байланысы арқылы қайта жалғап көріңіз.
«Sony | Music Center» қолданбасы туралы мәлімет алу үшін Google Play (Play Store) немесе App Store дүкеніне кіріңіз.
-
«Sony | Music Center» және «Music Center for PC» екі бөлек қолданба екенін ескеріңіз.

