Сақтық шаралары
Қауіпсіздік туралы
-
Динамикпен бірге берілген Анықтама нұсқаулығын қараңыз.
-
Паспорттық тақта мен қауіпсіздікке қатысты маңызды ақпарат мына жерлерге бекітілген:
-
динамиктің артқы жағындағы қақпақтың артында.
-
Орналастыруға қатысты мәлімет
-
Динамикті алып жүрген кезде, ол түсіп кетпеуі үшін бір қолыңызбен динамикті мықтап ұстаңыз да, оны екінші қолыңыздың алақанына қойыңыз. Әйтпесе динамик түсіп кетіп, жарақат алуға, динамиктің өзінің зақымдалуына немесе үйдегі заттардың зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
-
Істен шығу қаупінің алдын алу үшін, осы динамикті төмендегі жерлерге қоймауға немесе сол жерлерде қалдырмауға тырысыңыз.
-
күн немесе жарықтандыру жабдығынан жарық түсетін жер, жылу көзінің жаны немесе сауна сияқты температурасы көтерілетін жер
-
терезелері жабық көліктің іші (әсіресе жазғы уақытта)
-
шамадан артық шаң болатын жер
-
қатты дірілдеуі мүмкін жер
-
-
Осы динамикті тегіс, түзу жерге қойыңыз. Қиғаш жерге қойылған кезде, динамик өзінің дірілдеуі салдарынан түсіп кетіп, жарақатқа, ақауға немесе өнімділіктің төмендеуіне себеп болуы мүмкін.
-
Осы динамик қойылған жерден сол жердегі жағдайларға байланысты түсіп кетуі мүмкін. Динамик жанында кез келген бағалы заттарды қалдырмаңыз.
-
Бұл динамиктің магниттік оқшаулауы жоқ. Магниттік өріс әсер етуі мүмкін заттарды (жазылған таспалар, сағаттар, магниттік таспасы бар төлем немесе несие карталары, т.б.) динамиктен аулақ ұстаңыз. Динамикті алып жүргенде де осы жайттарды ескеріңіз.
Басқа ескертпелер
-
Динамикті тым суық немесе ыстық жерде (температурасы 5–35 °C ауқымынан тыс) пайдаланбаңыз не қалдырмаңыз. Егер динамик жоғарыда көрсетілген ауқымнан тыс жағдайда пайдаланылған немесе қалдырылған болса, ішкі схеманы қорғау үшін динамик автоматты түрде тоқтауы мүмкін.
-
Осы динамикті ұзақ уақыт қолдансаңыз, оның температурасы көтерілуі мүмкін, бірақ бұл ақаулық емес.
-
Жоғары температурада зарядталмауы немесе батарея қуатын сақтау үшін дауыс қаттылығы төмендеуі мүмкін.
-
Динамикті ұзақ уақыт пайдаланғыңыз келмегеннің өзінде, жұмыс өнімділігін сақтау үшін батареяны 6 ай сайын толық зарядтап отырыңыз.
-
Динамикке қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз не мәселелеріңіз болса және олардың жауаптарын осы Көмекші нұсқаулық нұсқаулығынан таппасаңыз, ең жақын Sony сату орталығына хабарласыңыз.

