Қоңырау шалу

HFP (Hands-free Profile) немесе HSP (Headset Profile) BLUETOOTH профилін қолдайтын смартфонда немесе мобильді телефонда BLUETOOTH байланысы арқылы хендс-фри режимінде қоңырау шалуға не қабылдауға болады.

  • Смартфон немесе мобильді телефон HFP профилін де, HSP профилін де қолдаса, оны HFP профиліне орнатыңыз.

  • Смартфонға немесе мобильді телефонға қарай әр түрлі әрекеттерді орындау қажет болуы мүмкін. Смартфонмен немесе мобильді телефонмен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

  1. Динамикті смартфонға немесе мобильді телефонға жалғаңыз.

    BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, динамиктен (BLUETOOTH connected (BLUETOOTH жалғанды)) дауыстық нұсқауы естіліп, (BLUETOOTH) индикаторының күйі жыпылықтап тұрудан жанып тұру күйіне ауысады.

    Стерео режимде жұптастыру функциясын немесе Сауық кешінде жалғау функциясын қолданған кезде

    (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жыпылықтап тұрған динамикке жалғаңыз. Хендс-фри қоңырауы барысында төмендегі қадамдар мен әрекеттерде смартфонға немесе мобильді телефонға жалғанып тұрған динамикті қолданыңыз.

  2. Қоңырау шалу үшін смартфонды немесе мобильді телефонды қолданыңыз.

    Қоңырау шалған кезде, ойнату кідіртіліп, динамиктен теру үні естіледі.

    Қоңырауды қабылдайтын тарап тұтқаны көтерген кезде, динамиктің микрофонына сөйлеңіз.

    Динамиктен теру үні естілмесе

    • Динамик HFP немесе HSP профилін қолдайтын смартфонға немесе мобильді телефонға жалғанбаған болуы мүмкін. Смартфондағы немесе мобильді телефондағы байланыс күйін тексеріңіз.

    • (ойнату)/(қоңырау) түймесін шамамен 2 секунд басып тұру арқылы қоңырау шалу құрылғысын динамикке ауыстырыңыз.

  3. Телефон шырылдап жатқан кезде немесе телефонмен сөйлесіп жатқанда, динамиктегі +/- (дыбыс деңгейі) түймелерімен немесе смартфоннан не мобильді телефоннан дыбыс деңгейін реттеңіз.

    Динамикте +/- (дыбыс деңгейі) түймелерін басқан кезде немесе смартфонда не мобильді телефонда дыбыс деңгейін реттеген кезде, (қуат) индикаторы бір рет не 3 рет жыпылықтайды.

    Микрофонды өшіру үшін

    Динамиктегі(микрофонды өшіру) түймесін басыңыз.

    Телефонмен сөйлесіп жатқанда(микрофонды өшіру) түймесі басылған кезде, микрофон өшіп тұрғанын білдіру үшін (Mic OFF (Микрофон өшірулі)) нұсқауы естіліп, (микрофонды өшіру) индикаторы қызыл түспен жанады.

    (микрофонды өшіру) түймесі тағы бір рет басылған кезде, микрофон қосылып тұрғанын білдіру үшін (Mic ON (Микрофон қосулы)) нұсқауы естіліп, (микрофонды өшіру) индикаторы сөнеді.

  4. Қоңырауды аяқтау үшін (ойнату)/(қоңырау) түймесін басыңыз.

    Қоңырау шалудан бұрын музыка тыңдап отырған болсаңыз, қоңырау аяқталған кезде, ойнату жалғасады. Қоңырауды смартфоннан немесе мобильді телефоннан аяқтасаңыз, қоңырау шалудан бұрын музыка тыңдап отырған болсаңыз, бұл жағдайда да ойнату жалғасады.

Тұспал

  • Қоңырау шалушы дауысыңызды естімесе немесе әзер естісе, динамикке жақындап, соның микрофонына сөйлеңіз.

  • Музыка ойнатудың және қоңыраудың дыбыс деңгейі динамикте бөлек орнатылады.

  • «Sony | Music Center» қолданбасынан (Mic OFF (Микрофон өшірулі)/Mic ON (Микрофон қосулы)) нұсқауды іске қосуға/өшіруге болады.

Ескерту

  • Apple iOS құрылғыларында динамик iOS 10.0 не одан кейінгі нұсқалармен үйлесімді. iOS 9.x не одан бұрынғы нұсқалар орнатылған құрылғыларда BLUETOOTH байланысы қолжетімді емес.

  • Стерео режимде жұптастыру функциясын немесе Сауық кешінде жалғау функциясын қолданған кезде, телефон қоңырауының дыбысы (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жанып тұрған динамиктен ғана шығады.

  • Смартфонға немесе мобильді телефонға байланысты қоңырау шалған кезде ойнату кідіртілмеуі мүмкін.

  • Смартфонды немесе мобильді телефонды динамиктен кемінде 50 см қашықтықта қолданыңыз. Динамик пен смартфон немесе мобильді телефон бір-біріне тым жақын болса, шу пайда болуы мүмкін.

  • Микрофонды өшіру функциясы динамиктің микрофонына әсер етеді. Ол смартфондағы, мобильді телефондағы немесе компьютердегі бағдарламалық құралдың микрофон параметрлеріне әсер етпейді.