Қуатты қосу

  1. (қуат) түймесін басыңыз.

    (қуат) индикаторы жасыл түспен жанады және (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен баяу жыпылықтайды.

    Динамикте жұптастыру ақпараты болмаса, мысалы сатып алғаннан кейін BLUETOOTH функциясын алғаш рет қолданған кезде, (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен екі рет жыпылықтап тұрады.

Тұспал

  • Қалған батарея зарядына қатысты дауыстық нұсқау іске қосылып тұрған жағдайда, динамикті қосқан кезде, қалған батарея зарядына сәйкес келетін дауыстық нұсқауды естисіз.

Ескерту

  • CHARGE индикаторы 3 рет жыпылықтаса және динамикті қосқаннан кейін ол өшіп қалса, демек қайта зарядталатын кірістірілген батареяның заряды таусылған. Кірістірілген батареяны зарядтаңыз.

  • (Low Battery, Please Recharge Speaker (Батарея заряды аз, Динамикті қайта зарядтаңыз)) дауыстық нұсқауы естіліп, CHARGE индикаторы баяу жыпылықтай бастаған кезде, демек кірістірілген батарея заряды таусылуға жақын, оны зарядтау керек.

  • Қалған батарея заряды динамикті қосу мүмкін болмайтын деңгейге дейін төмендегенде, (Please Recharge Speaker. Power Off. (Динамикті қайта зарядтаңыз. Қуатты өшіру.)) дауыстық нұсқауы естіліп, динамик автоматты түрде өшеді. Мұндай жағдайда динамикті зарядтаңыз.