Динамикті зарядтау мүмкін емес
-
USB айнымалы ток адаптерін (бөлек сатылады) қолданған кезде, USB кабелі динамикке және USB айнымалы ток адаптеріне мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз. Одан кейін USB айнымалы ток адаптері АТ розеткасына мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
-
USB айнымалы ток адаптерін (бөлек сатылады) қолданған кезде, ол 1,5 А не одан көп шығыс тогын бере алатынына көз жеткізіңіз. Шығыс тогы 500 мА не одан көп және 1,5 А не одан аз USB айнымалы ток адаптерін де қолдануға болады, бірақ зарядталу аяқталуы үшін өте көп уақыт кетуі мүмкін. Осындай USB айнымалы ток адаптерін қолданған кезде, батареяны зарядтаудан бұрын динамикті өшіріп қойған жөн. Шығыс тогы 500 мА-ден аз USB айнымалы ток адаптері қолданылса, батарея зарядталатынына кепілдік берілмейді. Зарядтау уақыты температураға және динамикті пайдалану шарттарына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
-
Динамик 1,5 А шығыс тогын бере алатын USB айнымалы ток адаптерлерін қолдайды. Кез келген басқа құрылғылар қолданылса, батарея зарядталатынына кепілдік берілмейді. Зарядтау уақыты температураға және динамикті пайдалану шарттарына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
-
Динамикті қоршаған орта температурасы 5–35 °C аралығында болғанда зарядтаңыз. Маусымға байланысты, әсіресе қыста бөлме температурасы 5 °C немесе одан төмен мәнге төмендеуі мүмкін екенін ескеріңіз.
-
Сондай-ақ динамиктің кірістірілген батареясын динамикке жалғанған USB кабелін USB зарядтау портымен жабдықталған компьютерге жалғау арқылы зарядтауға болады. Дегенмен барлық компьютерлер тексеріліп, осы процедураға сәйкес келетіні анықталған жоқ, сондай-ақ бұл процедура үйде құрастырылған компьютерлерге жарамды емес.
-
Динамикті жоғары дыбыс деңгейінде қолдансаңыз, динамик USB айнымалы ток адаптерімен АТ розеткасына жалғанып тұрса да, USB айнымалы ток адаптерінің түріне немесе сипаттамаларына байланысты қайта зарядталатын кірістірілген батареяның қалған заряды азаюы немесе динамик өшуі мүмкін. Бірақ бұл ақаулық емес. Мұндай жағдай орын алса, динамикті өшіріп, оны қайтадан қолданбас бұрын, батарея толығымен зарядталғанша күтіңіз.

