Индикаторлар туралы мәлімет

CHARGE индикаторы (сарғылт*)

* Динамик Battery Care режимінде тұрғанда, CHARGE индикаторы ақ түспен жанады.

Өшеді Динамик зарядталып болды.
Жанады Динамик зарядталуда.
Баяу жыпылықтайды Кірістірілген батареяның заряды 20% не одан төмен, оны зарядтау қажет.
3 рет жыпылықтап, өшеді Динамикті қосқан кезде CHARGE индикаторы 3 рет жыпылықтап, өшсе, демек кірістірілген батарея заряды таусылған және оны зарядтау қажет.

Ескерту

  • Динамик USB айнымалы ток адаптерімен (бөлек сатылады) АТ розеткасына жалғанып тұрғанда, динамик қосылып тұрса да, динамиктің кірістірілген батареясы өзін-өзі зарядтай алады.

    Дегенмен динамиктің қолданылуына байланысты зарядталу аяқталуы үшін ұзақ уақыт кетуі мүмкін. Батареяны зарядтаудан бұрын динамикті өшіріп қойған жөн.

  • Динамикті жоғары дыбыс деңгейінде қолдансаңыз, динамик USB айнымалы ток адаптерімен АТ розеткасына жалғанып тұрса да, USB айнымалы ток адаптерінің түріне немесе сипаттамаларына байланысты қайта зарядталатын кірістірілген батареяның қалған заряды азаюы немесе динамик өшуі мүмкін. Бірақ бұл ақаулық емес. Мұндай жағдай орын алса, динамикті өшіріп, оны қайтадан қолданбас бұрын, батарея толығымен зарядталғанша күтіңіз.

  • Қоршаған орта температурасы аса төмен не жоғары болса, кірістірілген батарея қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін зарядталуын тоқтатады. Зарядтау ұзақ уақыт жасалса да, ол зарядталуын тоқтатуы мүмкін. Мұндай жағдай орын алса, температураны 5–35 °C аралығындағы жұмыс температурасына дейін көтеріңіз не төмендетіп, USB кабелін ағытып, қайта жалғаңыз да, батарея қайта зарядталғанша күтіңіз.

(қуат) индикаторы

Өшеді Динамик өшеді.
Жанады (жасыл) Динамик қосылады.
Жанады (сарғылт) Динамик өшеді. Динамик BLUETOOTH күту режиміне орнатылады.
Жыпылықтайды (жасыл немесе сарғылт)
  • +/- (дыбыс деңгейі) түймелері басылған сайын индикатор жасыл түспен бір рет жыпылықтайды.

  • +/- (дыбыс деңгейі) түймелерін қолданған кезде, дыбыс деңгейі ең төмен (0) не ең жоғары (музыка ойнату үшін 50/телефон қоңыраулары үшін 15) деңгейге орнатылған жағдайда, индикатор жасыл түспен 3 рет жыпылықтайды.

  • + (дыбыс деңгейі) түймесі мен - (дыбыс деңгейі) түймесі бірге шамамен 5 секунд басылып тұрса және Автоматты күту режимі функциясы өшіп тұрса, индикатор сарғылт түспен 3 рет жыпылықтайды.

  • + (дыбыс деңгейі) түймесі мен - (дыбыс деңгейі) түймесі бірге шамамен 5 секунд басылып тұрса және Автоматты күту режимі функциясы қосылып тұрса, индикатор сарғылт түспен екі рет жыпылықтайды.

  • (ойнату)/(қоңырау) түймесі мен(BLUETOOTH) түймесі бірге шамамен 2 секунд басылып тұрса және BLUETOOTH байланыс сапасы үшін «Тұрақты байланысқа басымдық беру» таңдаулы параметрі таңдалған болса, индикатор жасыл түспен 3 рет жыпылықтайды.

  • (ойнату)/(қоңырау) түймесі мен(BLUETOOTH) түймесі бірге шамамен 2 секунд басылып тұрса және BLUETOOTH байланыс сапасы үшін «Дыбыс сапасына басымдық беру» таңдаулы параметрі таңдалған болса, индикатор жасыл түспен екі рет жыпылықтайды.

  • Бағдарламалық құралды жаңарту процесі ілгерілей түскенде, (қуат) индикаторы өзінің жасыл түспен жыпылықтау үлгісін өзгертеді (5 рет жыпылықтау, 4 рет жыпылықтау, 1 рет жыпылықтау, сөніп тұру*).

  • Бағдарламалық құралды жаңартудан кейін динамик алғаш рет қосылған кезде, жаңарту аяқталғанын хабарлау үшін индикатор жасыл түспен 3 рет жыпылықтайды және (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жыпылықтайды.

Екі рет жыпылықтайды (сарғылт) Батареяны зарядтау кезінде қате анықталды. Зарядтауды дереу тоқтатып, біраз уақыт күтіңіз, одан кейін кірістірілген батареяны қайта зарядтаңыз. Толық мәлімет алу үшін Зарядтауға қатысты ескертулер бөлімінен қараңыз.
Төрт рет жыпылықтайды (сарғылт)
  • «Sony | Music Center» қолданбасы бағдарламалық құралды жаңартуды тоқтатты.

  • Бағдарламалық құралды жаңарту нәтижесіз болды.

* Жағдайларда байланысты барлық жыпылықтау үлгілерін көре алмауыңыз мүмкін.

(BLUETOOTH) индикаторы (көгілдір)

Жанады Динамик BLUETOOTH құрылғысына жалғанып тұр.
Жыпылықтайды
  • «Sony | Music Center» қолданбасы бағдарламалық құралды жаңартуды тоқтатты.

  • Бағдарламалық құралды жаңарту нәтижесіз болды.

  • Бағдарламалық құралды жаңартудан кейін динамик алғаш рет қосылған кезде, жаңарту аяқталғанын хабарлау үшін индикатор 3 рет жыпылықтайды және (қуат) индикаторы жасыл түспен жыпылықтайды.

Екі рет жыпылықтайды

Динамик жұптастыру режиміне кіреді.

Баяу жыпылықтайды

Динамик BLUETOOTH байланысының орнатылуын күтіп тұр.

STAMINA индикаторы (ақ)

Жанады STAMINA қуатты басқару опциясы іске қосылған.
Өшеді STAMINA қуатты басқару опциясы өшірілген.
Екі рет жыпылықтайды Айналадағы шуды сезу функциясы іске қосылған.
3 рет жыпылықтайды Айналадағы шуды сезу функциясы өшірілген.

(микрофонды өшіру) индикаторы (қызыл)

Өшеді Динамиктегі микрофон қосылған.
Жанады Динамиктегі микрофон өшірілген.