Динамикті зарядтау

Динамик USB айнымалы ток адаптерімен (бөлек сатылады) жалғанған АТ розеткасынан немесе қайта зарядталатын кірістірілген батареясынан алынған қуатпен жұмыс істейді.

Динамикті алғаш рет қолданған кезде, динамикті қосудан бұрын, кірістірілген батареяны 1 сағаттан астам уақыт зарядтаңыз.

Кірістірілген батареяны алдын ала зарядтап алып, динамикті тек батарея қуатымен қолдануға болады.

Тұспал

  • Динамиктің кірістірілген батареясын зарядтау үшін қалыпты зарядтау әдісіне қоса, Battery Care режимі опциясын қолдануға болады. Battery Care режимі максималды зарядтау деңгейін шамамен 90%-ға шектеп, батареяның қызмет ету мерзімін ұзартады. Battery Care режимінде қолжетімді ойнату уақыты кірістірілген батарея қалыпты зарядтау әдісімен зарядталған жағдайда қолжетімді уақыттан қысқарақ болады. Сатып алған кезде, динамик Battery Care режимінде тұрмайды.

  • Динамикті «Sony | Music Center» қолданбасымен Battery Care режиміне/режимінен қоюға/шығаруға болады.

  1. Динамикті зарядтау үшін оны АТ розеткасына жалғаңыз.

    USB Type-C® кабелінің бір ұшын динамиктегі ТТ кіріс портына, ал екінші ұшын USB айнымалы ток адаптеріне (бөлек сатылады) жалғап, одан кейін USB айнымалы ток адаптерін АТ розеткасына жалғаңыз.

    Динамик 1,5 А шығыс тогын бере алатын USB айнымалы ток адаптерлерін қолдайды. Кез келген басқа құрылғылар қолданылса, батарея зарядталатынына кепілдік берілмейді.

    Зарядталу орындалып жатқан кезде, CHARGE индикаторы сарғылт*1 түспен жанады.

    Есептелген зарядтау уақыты жалғанған USB АТ адаптерінің (бөлек сатылады) шығыс қуатына байланысты әр түрлі болады. Оған қоса зарядтау уақыты USB айнымалы ток адаптерінің және USB кабелінің түрі мен сипаттамасына байланысты төменде көрсетілгеннен көбірек болуы мүмкін. Зарядтау уақыты қоршаған орта температурасына және динамиктің қолданылуына байланысты төменде көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.

    Төмендегі уақыт анықтамалық мән ретінде берілген.

    • 1,5 А шығыс тогын бере алатын, бөлек сатылатын USB айнымалы ток адаптері қолданылған кезде, зарядтау шамамен 4 сағатта аяқталады*2 да, CHARGE индикаторы өшеді.

    • Бөлек сатылатын USB айнымалы ток адаптерін қолданған кезде, ол 1,5 А не одан көп шығыс тогын бере алатынына көз жеткізіңіз. Шығыс тогы 500 мА не одан көп және 1,5 А не одан аз USB айнымалы ток адаптерін де қолдануға болады, бірақ зарядталу аяқталуы үшін өте көп уақыт кетуі мүмкін. Осындай USB айнымалы ток адаптерін қолданған кезде, батареяны зарядтаудан бұрын динамикті өшіріп қойған жөн.

      Шығыс тогы 500 мА-ден аз USB айнымалы ток адаптері қолданылса, батарея зарядталатынына кепілдік берілмейді.

    *1 Динамик Battery Care режимінде тұрғанда, CHARGE индикаторы ақ түспен жанады.

    *2 Динамик өшкен кезде, бос кірістірілген батареяны толық зарядтауға кететін уақыт.


    Батарея зарядталып болған кезде динамиктен USB кабелін ажыратқаннан кейін, қақпақты мықтап жабуды ұмытпаңыз.

    Қақпақ су өткізбеушілік және шаң өткізбеушілік өнімділігінің сипаттамасында өте маңызды рөл атқарады.

Зарядтаудың аяқталуын тексеру

Динамикті АТ розеткасына USB айнымалы ток адаптерімен (бөлек сатылады) жалғаған кезде кірістірілген батарея толығымен зарядталған болса, CHARGE индикаторы сарғылт* түспен жанып, одан кейін шамамен 1 минуттан кейін өшеді.

* Динамик Battery Care режимінде тұрғанда, CHARGE индикаторы ақ түспен жанады.

  • Android 8.1 не одан кейінгі операциялық жүйе нұсқасы орнатылған Android™ смартфонын қолданған кезде

    Динамик Android смартфонына HFP (Hands-free Profile) BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанып тұрғанда, смартфонда [Settings] - [Device connection] - [Bluetooth] тармағын басыңыз. Динамиктің қалған батарея заряды және жалғанып тұрған BLUETOOTH құрылғысының атауы көрсетіледі. Толық мәлімет алу үшін Android смартфонымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

    Смартфонда көрсетілген қалған батарея заряды динамиктің іс жүзіндегі қалған батарея зарядынан өзгеше болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Осы мәліметті анықтамалық мән ретінде қарастырыңыз.

  • iOS 10.0 не одан кейінгі операциялық жүйе нұсқасы орнатылған iPhone құрылғысын қолданған кезде

    Динамик iPhone құрылғысына HFP (Hands-free Profile) BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанып тұрғанда, динамиктің қалған батарея заряды iPhone құрылғысының виджеттер экранында көрсетіледі. Толық мәлімет алу үшін iPhone құрылғысымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

    iPhone құрылғысында көрсетілген қалған батарея заряды динамиктің іс жүзіндегі қалған батарея зарядынан өзгеше болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Осы мәліметті анықтамалық мән ретінде қарастырыңыз.

Қайта зарядталатын кірістірілген батареяның зарядын тексеру

Динамик қосылып тұрғанда, BATT (батарея) түймесін басқан кезде, динамиктен кірістірілген батареяның қалған қуатына сәйкес келетін төменде көрсетілген дауыстық нұсқау шығарылады.

81% - 100%: «Battery fully charged» (Батарея толығымен зарядталған)

81% - 90% (Battery Care режимі): «Battery Care Mode, Fully Charged, Battery About 90%» (Battery Care режимі, толығымен зарядталған, батарея заряды — шамамен 90%)

61% - 80%: «Battery about 80%» (Батарея заряды — шамамен 80%)

41% - 60%: «Battery about 60%» (Батарея заряды — шамамен 60%)

21% - 40%: «Battery about 40%» (Батарея заряды — шамамен 40%)

1% - 20%: «Low Battery, Please Recharge Speaker» (Батарея заряды аз, Динамикті қайта зарядтаңыз)

Тұспал

  • «Sony | Music Center» қолданбасынан динамикті қосқан кезде естілетін қалған батарея зарядына қатысты дауыстық нұсқауды іске қосуға/өшіруге болады.

Кірістірілген батареяның қызмет ету мерзімі (динамик Battery Care режимінде тұрмағанда және BLUETOOTH байланысы орнатылып тұрғанда)

  • Шамамен 16 сағат

    • Дыбыс деңгейі: 31

    • STAMINA: қосулы

  • Шамамен 10 сағат (әдепкі)

    • Дыбыс деңгейі: 30

    • STAMINA: өшірулі

  • Шамамен 3 сағат

    • Дыбыс деңгейі: 50 (МАКС.)

    • STAMINA: өшірулі

Кірістірілген батареяның қызмет ету мерзімі (кірістірілген батарея 10 минут зарядталғаннан кейін)

10 минут зарядтау шамамен 70 минут музыка ойнатуға мүмкіндік береді. (Дыбыс деңгейі 31 мәніне орнатылған және STAMINA қуатты басқару опциясы іске қосылған жағдайда.)


Жоғарыда көрсетілген кірістірілген батареяның пайдалану мерзімі біз белгілеген музыка көзін қолданып өлшенген.

Дыбыс деңгейіне, ойнатылған әндерге, айнала температурасына және қолдану жағдайларына байланысты іс жүзіндегі жұмыс істеу мерзімі тізімде көрсетілгеннен өзге болуы мүмкін.

Кірістірілген батареяның заряды азайған кезде

(Low Battery, Please Recharge Speaker (Батарея заряды аз, Динамикті қайта зарядтаңыз)) дауыстық нұсқауы естіліп, CHARGE индикаторы баяу жыпылықтай бастаған кезде, демек кірістірілген батарея заряды таусылуға жақын, оны зарядтау керек.

Қалған батарея заряды динамикті қосу мүмкін болмайтын деңгейге дейін төмендегенде, (Please Recharge Speaker. Power Off. (Динамикті қайта зарядтаңыз. Қуатты өшіру.)) дауыстық нұсқауы естіліп, динамик автоматты түрде өшеді. Мұндай жағдайда динамикті зарядтаңыз.

Динамикті қосқан кезде CHARGE индикаторы 3 рет сарғылт* түспен жыпылықтап, өшсе, демек кірістірілген батарея заряды таусылған және оны зарядтау қажет.

* Динамик Battery Care режимінде тұрғанда, CHARGE индикаторы 3 рет ақ түспен жыпылықтайды да, өшеді.

Тұспал

  • Сондай-ақ динамиктің кірістірілген батареясын динамикке жалғанған USB кабелін USB зарядтау портымен жабдықталған компьютерге жалғау арқылы зарядтауға болады. Дегенмен барлық компьютерлер тексеріліп, осы процедураға сәйкес келетіні анықталған жоқ, сондай-ақ бұл процедура үйде құрастырылған компьютерлерге жарамды емес.

  • Динамик USB айнымалы ток адаптерімен (бөлек сатылады) АТ розеткасына немесе USB зарядтау портымен жабдықталған компьютерге жалғанып тұрғанда, динамиктен музыка ойнатылып жатса да, динамиктің кірістірілген батареясы өзін-өзі зарядтай алады. Дегенмен динамиктің қолданылуына байланысты зарядталу аяқталуы үшін ұзақ уақыт кетуі мүмкін. Батареяны зарядтаудан бұрын динамикті өшіріп қойған жөн.

Ескерту

  • Динамикті жоғары дыбыс деңгейінде қолдансаңыз, динамик USB айнымалы ток адаптерімен АТ розеткасына жалғанып тұрса да, USB айнымалы ток адаптерінің түріне немесе сипаттамаларына байланысты қайта зарядталатын кірістірілген батареяның қалған заряды азаюы немесе динамик өшуі мүмкін. Бірақ бұл ақаулық емес. Мұндай жағдай орын алса, динамикті өшіріп, оны қайтадан қолданбас бұрын, батарея толығымен зарядталғанша күтіңіз.

  • Кірістірілген батареяның заряды азайған кезде, ең жоғары шығыс қуаты төменірек болады.

  • Аса суық немесе ыстық жерде зарядтау қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тоқтайды. Зарядтауға көп уақыт кетсе, динамиктің зарядталуы да тоқтайды. Осы мәселелерді шешу үшін USB кабелін ағытып, 5–35 °C аралығындағы жұмыс температурасында оны қайта жалғаңыз.

  • Динамиктің кірістірілген батареясын динамикке су шашырайтын жерде зарядтамаңыз. Бірге берілген USB Type-C кабелі, сондай-ақ қақпақ артындағы USB порты не су өткізбеушілік, не шаң өткізбеушілік сипатқа ие болатындай етіп жасалмаған.

  • Динамикті ұзақ уақыт пайдаланғыңыз келмегеннің өзінде, оның жұмыс өнімділігін сақтау үшін кірістірілген батареяны 6 ай сайын жетерліктей зарядтап отырыңыз.

  • Android смартфоны BLUETOOTH байланыстарын орнату үшін A2DP (Advanced Audio Distribution Profile) стандартын ғана қолдануға реттелген болса, динамиктің қалған батарея заряды смартфонда көрсетілмейді.