Динамикті қайта зарядталатын батареясының зарядын үнемдеп қолдану
Динамик кірістірілген батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қуат тұтыну мөлшерін азайту арқылы динамикті ұзағырақ қолдана аласыз.
STAMINA
Кірістірілген батарея қуатымен жұмыс істеп тұрған динамикте STAMINA қуатты басқару опциясы іске қосылып тұрғанда, азырақ қуат тұтынып, ұзағырақ музыка тыңдай аласыз.
Сатып алған кезде, STAMINA қуатты басқару опциясы өшіріліп тұрады. Опцияны төмендегілердің біреуін орындау арқылы іске қоса аласыз:
-
«Sony | Music Center» қолданбасында [SRS-XE200] - [Settings] - [Power Option] - [Power Optimization] тармағын түртіп, одан кейін [STAMINA(Prioritize Battery)] құсбелгісін таңдаңыз.
-
Динамиктегі BATT (батарея)/
STAMINA түймесін шамамен 2 секунд басып тұрыңыз.STAMINA қуатты басқару опциясы іске қосылғанын білдіру үшін STAMINA индикатор шамдары ақ түспен жанады.
STAMINA қуатты басқару опциясын өшіру үшін BATT (батарея)/
STAMINA түймесін шамамен 2 секунд басып тұрыңыз.
Айналадағы шуды сезу функциясы
Sony компаниясының жеке-меншік микрофонмен сезу технологиясы музыка ойнатылып жатқанда динамиктің айналасындағы шуларды автоматты түрде анықтайды. Ол динамиктің қуат тұтыну мөлшерін азайту және батарея зарядын үнемдеу үшін айналадағы шу араласатын бас дыбысын қиып алып тастайды*.
Сатып алған кезде, Айналадағы шуды сезу функциясы іске қосылып тұрады. Айналадағы шуды сезу функциясын төмендегілердің біреуін орындау арқылы өшіре аласыз:
* Айналадағы шуды сезу функциясы іске қосылып, динамиктің дыбыс деңгейі ең жоғары мәнде тұрғанда, қоршаған ортаға байланысты кірістірілген батареяның қызмет мерзімі 1 сағатқа дейін ұзарады.
-
«Sony | Music Center» қолданбасында [SRS-XE200] - [Settings] - [Power Option] - [Power Optimization] тармағын түртіп, одан кейін [Ambient Noise Sensing] құсбелгісін таңдаңыз.
-
(ойнату)/
(қоңырау) түймесін және динамиктегі - (дыбыс деңгейі) түймесін шамамен 5 секунд бір уақытта басып тұрыңыз.-
Айналадағы шуды сезу функциясы өшірілген кезде, STAMINA индикаторы 3 рет ақ түспен жыпылықтайды.
-
Айналадағы шуды сезу функциясы іске қосылған кезде, STAMINA индикаторы екі рет ақ түспен жыпылықтайды.
-
Ескерту
-
STAMINA қуат басқару опциясы іске қосылып тұрғанда, Айналадағы шуды сезу функциясы өшіп тұрады.

