BLUETOOTH күту (қуатты автоматты түрде қосу) функциясын қолдану
BLUETOOTH күту функциясы іске қосылған кезде, BLUETOOTH құрылғысын қолданған кезде, динамик автоматты түрде қосылып, BLUETOOTH байланысын іске қосады.
Динамикті пайдаланудан бұрын, төмендегілерді ескеріңіз:
-
BLUETOOTH күту функциясы динамик USB айнымалы ток адаптерімен (бөлек сатылады) АТ розеткасына жалғанып тұрғанда ғана іске қосылады. Динамик тек қайта зарядталатын кірістірілген батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, BLUETOOTH күту функциясы өшіріледі.
-
Динамикті BLUETOOTH құрылғысымен алдын ала жұптастырыңыз. Жұптастыру ақпараты динамикте сақталмаған болса, мысалы, динамик сатып алынғаннан кейін алғаш рет қолданылған кезде, динамик BLUETOOTH күту режиміне кірмейді.
-
Динамикті қосыңыз.
(қуат) индикаторы жасыл түспен жанады.
-
Қолданбаны іске қосу үшін смартфонда, т.б. [Music Center] белгішесін түртіңіз.
Music Center
-
[SRS-XE200] құрылғысын түртіңіз.
-
[Settings] тармағын түртіңіз.
-
[Power Option] тармағын түртіңіз.
-
Құсбелгіні қою үшін [Bluetooth Standby] функциясының құсбелгісін түртіңіз.
Таңдалған құсбелгі BLUETOOTH күту функциясы іске қосылғанын білдіреді.
-
Таңдалған динамиктің жоғарғы экранына оралыңыз (
-қадамдағы экран).Жаңа параметрлер қолданылады.
BLUETOOTH күту функциясын өшіру үшін
Жоғарыдағы
-қадамда құсбелгіні алып тастау үшін [Bluetooth Standby] құсбелгісін түртіңіз де, таңдалған динамиктің жоғарғы экранына оралып (
-қадамдағы экран), BLUETOOTH күту режимі функциясын өшіріңіз.
Тұспал
-
BLUETOOTH күту функциясы іске қосылған кезде, динамик өшіп тұрғанда,
(қуат) индикаторы сарғылт түспен жанады. (Динамик USB айнымалы ток адаптерімен (бөлек сатылады) АТ розеткасына жалғанып тұрған жағдайда.)

