Құрылғыдағы музыканы BLUETOOTH байланысы арқылы тыңдау

BLUETOOTH құрылғысы BLUETOOTH профильдерін қолдаса, BLUETOOTH байланысы арқылы динамикпен сол құрылғыдағы музыканы тыңдауға және оны басқаруға болады.

A2DP (Advanced Audio Distribution Profile)

Жоғары сапалы аудио мазмұнды сымсыз тыңдауға мүмкіндік береді.

AVRCP (Audio Video Remote Control Profile)

Дыбыс деңгейін реттеуге және ойнату, кідірту немесе келесі/ағымдағы әннің басына өту үшін басқаруға мүмкіндік береді.

BLUETOOTH құрылғысына қарай әр түрлі әрекеттерді орындау қажет болуы мүмкін. BLUETOOTH құрылғысымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын да қараңыз.

Ескерту

  • Динамиктен кенет қатты дыбыс шықпауы үшін BLUETOOTH құрылғысымен мен динамиктің дыбыс деңгейлері орташа деңгейге орнатылғанына алдын ала көз жеткізіңіз.

    BLUETOOTH құрылғысына қарай құрылғыда ойнату тоқтатылып/кідіртіліп тұрғанда, BLUETOOTH құрылғысынан динамиктің дыбыс деңгейін реттей алмауыңыз мүмкін.

  1. Динамикті BLUETOOTH құрылғысына жалғаңыз.

    BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, динамиктен (BLUETOOTH connected (BLUETOOTH жалғанды)) дауыстық нұсқауы естіліп, (BLUETOOTH) индикаторының күйі жыпылықтап тұрудан жанып тұру күйіне ауысады.

  2. Динамик аудио сигнал көзін таңдаудың BLUETOOTH режимінен кез келген басқа режимде болса, (BLUETOOTH) түртіңіз.

    Ескерту

    • BLUETOOTH құрылғысымен байланыс орнатылғаннан кейін де, динамик BLUETOOTH режимінде болмаса, жалғанған BLUETOOTH құрылғының аудиосы динамиктен шықпайды.

  3. BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастаңыз.
  4. Динамиктегі –/+ (дыбыс деңгейі) түрту арқылы немесе BLUETOOTH құрылғысымен дыбыс деңгейін реттеңіз.

    Динамиктегі –/+ (дыбыс деңгейі) түрткен кезде немесе BLUETOOTH құрылғысында дыбыс деңгейін реттеген кезде, (қуат) индикаторы бір рет не 3 рет жыпылықтайды.

    Қолданып отырған BLUETOOTH құрылғысына байланысты динамиктегі (қуат) индикаторы тіпті BLUETOOTH құрылғысында дыбыс деңгейін реттеген кезде де жыпылықтамауы мүмкін.

    Жылдам реттеу үшін динамиктегі –/+ (дыбыс деңгейі) түртіп, ұстап тұрыңыз.

    Ойнату кезінде динамиктегі(ойнату) мына әрекеттерді орындау үшін қолдануға болады.

    Кідірту

    Кідірту үшін ойнату кезінде динамиктегі(ойнату) түртіңіз. Кідіртуді доғару үшін оны қайта түртіңіз.

    Келесі әннің басына өту

    Ойнату кезінде динамиктегі(ойнату) екі рет жылдам түртіңіз.

    Ағымдағы немесе алдыңғы әннің басына өту*

    Ойнату кезінде динамиктегі(ойнату) 3 рет жылдам түртіңіз.

    * Әрекеттер қолданып отырған BLUETOOTH құрылғысына байланысты болады.

Тұспал

  • Динамик АТ қуат кабелімен (ток желісінің кабелі) (бірге берілген) АТ розеткасына жалғанып тұрғанда, динамиктен музыка ойнатылып жатса да, динамиктің кірістірілген батареясы өзін-өзі зарядтай алады. Дегенмен динамиктің қолданылуына байланысты зарядталу аяқталуы үшін ұзақ уақыт кетуі мүмкін. Батареяны зарядтап жатқан кезде динамикті қолданғыңыз келсе, динамиктің дыбыс деңгейін азайтып немесе динамикті өшіріп, динамикті қолданудан бұрын, батарея толығымен зарядталғанша күтіңіз.

  • Динамик SCMS-T әдісімен мазмұнды қорғауды қолдайды. SCMS-T әдісін қолдайтын смартфоннан немесе мобильді телефоннан динамик арқылы музыканы (немесе дыбысты) тыңдауға болады.

  • Динамикте дыбыс деңгейін ең жоғары немесе ең төмен деңгейге орнатқан кезде, (қуат) индикаторы 3 рет жыпылықтайды.

Ескерту

  • Apple iOS құрылғыларында динамик iOS 10.0 не одан кейінгі нұсқалармен үйлесімді. iOS 9.x не одан бұрынғы нұсқалар орнатылған құрылғыларда BLUETOOTH байланысы қолжетімді емес.

  • Байланыс шарттары нашар болса, BLUETOOTH құрылғысы динамиктегі әрекеттерге сәйкес әрекет етпеуі мүмкін.

  • Температурасы жоғары жерде қолданған кезде, кірістірілген батареяны қорғау үшін дыбыс деңгейі төмендеуі мүмкін.

  • Кірістірілген батареяның заряды азайған кезде, ең жоғары шығыс қуаты төменірек болады.

  • BLUETOOTH құрылғысына қарай жалғанған құрылғыда дыбыс деңгейін реттеу немесе аудио шығыс параметрін орнату қажет болуы мүмкін.

  • Динамикке жалғанған BLUETOOTH құрылғысына, байланыс ортасына немесе пайдалану ортасына қарай шу пайда болуы немесе дыбыс үзілуі мүмкін.