Тасымалы аудио құрылғыдағы, т.б. музыканы тыңдау

Тасымалы аудио құрылғыны, т.б. аудио кабельмен (бөлек сатылады) динамикке жалғау арқылы динамикті қолдануға болады.

Ескерту

  • Динамик пен тасымалы аудио құрылғы арасында байланыс орнатудан бұрын, динамиктен кенет қатты дыбыс шықпауы үшін динамиктің және құрылғының дыбыс деңгейін төмендетіңіз.
  1. Құрылғыны AUDIO IN ұясына аудио кабельмен (бөлек сатылады) жалғаңыз.

    Жалғау үшін екі ұшында да стерео шағын ағытпалары (кедергісіз)* бар аудио кабельді қолданыңыз.

    * Кедергісі айтарлықтай аудио кабельді (стерео шағын ағытпалары бар) қолдансаңыз, дыбыс деңгейі төмен болуы мүмкін. Сондықтан кедергісіз аудио кабельді (стерео шағын ағытпалары бар) қолдану керек.

  2. Динамикті қосыңыз.

    (қуат) индикаторы жасыл түспен жанады.

  3. Динамикте AUDIO IN түртіңіз.
  4. Қосып, жалғанған құрылғыда ойнатуды бастаңыз.
  5. Жалғанған құрылғыда дыбыс деңгейін орташа деңгейге реттеңіз.

    Дыбыс деңгейі жалғанған тасымалы аудио құрылғыдан реттелсе, динамиктегі (қуат) индикаторы жыпылықтамайды.

  6. Дыбыс деңгейін реттеу үшін динамиктегі –/+ (дыбыс деңгейі) түртіңіз.

    Дыбыс деңгейін реттеу үшін динамикте –/+ (дыбыс деңгейі) түрткен кезде, (қуат) индикаторы бір рет не 3 рет жыпылықтайды.

Тұспал

  • Дыбыс естілмеген жағдайда жалғанған құрылғыда дыбыс деңгейін көтеріңіз.

Ескерту

  • AUDIO IN ұясына тасымалы аудио құрылғы жалғанып, музыка ойнатылып тұрған кезде, кідірту, келесі әннің басына өту және ағымдағы әннің басына өту сияқты әрекеттерді орындау үшін динамиктегі әрекеттер өшіріледі.