Динамикті жылжыту

Динамикте оңай сүйреу мүмкіндік беретін дөңгелектер бар.

Динамикті жылжыту үшін дөңгелектер орналасқан жақтағы тұтқаның ортасынан бір қолыңызбен ұстап, дөңгелектеріне тіреліп жүретініне көз жеткізіп, динамикті сүйреңіз.

Жылжытылған кезде динамик тербелетіндей жерде, тұтқаны екі қолыңызбен ұстап, динамикті итеріңіз.

Дөңгелектерді тек тегіс беттерде пайдалануға болады.

Тегіс емес жерлерде динамикті тұтқаларынан ұстап, екі адам көтеруі керек. Жарақат алмау және/немесе мүліктік зақым келтірмеу үшін динамикті жылжыту үшін қолды дұрыс орналастыру өте маңызды.

Динамикті жылжытудан бұрын, барлық кабельдерді ағытыңыз.

Ескерту

  • Жарақат алмау немесе басқа тұрмыстық бұйымдарға зақым келтірмеу үшін динамикті жылжытқан кезде, оны жоғарыда көрсетілгендей дұрыстап ұстаңыз.

  • Динамикті еңісте жылжытқан кезде, аса абай болыңыз.

  • Үстінде адам, жүк, т.б. орналасқан динамикті жылжытпаңыз.

  • Динамикті жылжытқан кезде, оның маңында балалардың немесе нәрестелердің тұруына рұқсат бермеңіз.