Смартфон немесе iPhone сияқты USB құрылғысын зарядтау

Смартфон немесе iPhone сияқты USB құрылғысын динамикке USB арқылы жалғау арқылы зарядтауға болады. Динамик АТ розеткасына қосылып тұрмаса да, оның кірістірілген батареясы USB құрылғысына қуат бере алады.

  1. Смартфон немесе iPhone сияқты USB құрылғысын USB кабелімен (бөлек сатылады) PLAY/CHARGE OUTPUT портына (USB) жалғаңыз.

  2. Динамикті қосыңыз.

    (қуат) индикаторы жасыл түспен жанады және динамик жалғанған USB құрылғысына батареяны зарядтау үшін қуат бере бастайды.

Ескерту

  • Динамик басқа құрылғыға қуат беріп тұрғанда, Автоматты күту режимі функциясы өшеді.

  • Динамиктер өшірілсе, жалғанған USB құрылғысына қуат беру тоқтайды.

  • Баяу жыпылықтап тұрған CHARGE индикаторы кірістірілген батареяның заряды азайғанын білдіреді. Мұндай күйде динамик басқа құрылғыларға қуат бере алмайды. Динамикті зарядтаңыз.

  • Динамиктің кірістірілген батареясын динамикке су шашырауы ықтимал жерлерде зарядтамаңыз. Не АТ қуат кабелі (ток желісінің кабелі), не динамик су өткізбейтін емес.