Автоматты күту режимі (қуат үнемдеу) функциясы

Қайта зарядталатын кірістірілген батарея зарядын үнемдеу үшін төмендегі жағдайларда динамик 15 минут ішінде автоматты түрде өшеді.

Сатып алған кезде, Автоматты күту режимі функциясы қосылып тұрады.

Динамик BLUETOOTH режимінде тұрғанда

  • Динамикте ешқандай әрекеттің жасалмауы.

  • Жалғанған BLUETOOTH құрылғысының музыка (аудио) ойнатып тұрмауы және басқарылып тұрмауы.

Динамик AUDIO IN режимінде тұрғанда

  • Динамикте ешқандай әрекеттің жасалмауы.

  • AUDIO IN ұясына жалғанған аудио құрылғының музыка (дыбыс) ойнатып тұрмауы немесе AUDIO IN ұясына жалғанған аудио құрылғысының музыка (дыбыс) деңгейінің тым төмен болуы.

Динамик USB режимінде тұрғанда

  • Динамикте ешқандай әрекеттің жасалмауы.

  • PLAY/CHARGE OUTPUT портына жалғанған USB құрылғысында музыка (дыбыс) ойнатылмайды (USB).

Динамик OPTICAL IN режимінде тұрғанда

  • Динамикте ешқандай әрекеттің жасалмауы.

  • OPTICAL IN коннекторына жалғанған құрылғы өшіп тұр.

Тұспал

  • Автоматты күту режимі функциясын «Sony | Music Center» қолданбасымен қосуға не өшіруге болады.

Ескерту

  • Динамикке микрофон немесе гитара жалғанып тұрғанда, Автоматты күту режимі функциясы өшіп тұрады.

  • Динамик басқа құрылғыға қуат беріп тұрғанда, Автоматты күту режимі функциясы өшеді.

Автоматты күту режимі функциясын қосу/өшіру

  1. Динамикті қосыңыз.
  2. Динамикте (ойнату) және - (дыбыс деңгейі) бір уақытта шамамен 5 секунд түртіп, ұстап тұрыңыз.
    • Автоматты күту режимі функциясы өшірілген кезде, (қуат) индикаторы 3 рет сарғылт түспен жыпылықтайды.

    • Автоматты күту режимі функциясы қосылған кезде, (қуат) индикаторы екі рет сарғылт түспен жыпылықтайды.