Динамиктен шыққан дыбыста шу, аттап өту немесе бұрмалану байқалады

  • Жалғанған USB құрылғысы динамикпен үйлесімді емес. Үйлесімді құрылғылар туралы ақпаратты қараңыз.

  • Динамикті өшіріп, ажыратыңыз да, USB құрылғысын қайта жалғаңыз, одан кейін динамикті қайта қосыңыз.

  • Аудио файлдың өзінде шу немесе бұрмалану жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Шу аудио файл кодталып жатқанда түзілуі мүмкін. Солай болса, аудио файлды жойып, түпнұсқалы аудио файлды қайтадан кодтаңыз. Динамиктен шыққан дыбыстағы шу немесе бұрмалану әрдайым файлдың нақты бір жерінде байқалса, бұл — файлдың ақаулы болуының белгісі.

  • Аудио файлдарды жасау немесе кодтау үшін қолданылған дерек жылдамдығының параметрі төмен. Дерек жылдамдығын арттырып, түпнұсқалы аудио файлды USB құрылғысына қайтадан кодтаңыз.