Бейне мен аудио синхрондалмаған; немесе аудио дыбыстары қайталанады

  • ТД ең соңғы бағдарламалық құрал нұсқасына дейін жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

  • ТД аудиосы мен динамик аудиосы арасындағы синхрондауды «Sony | Music Center» қолданбасымен реттеңіз.
    1. Қолданбаны іске қосу үшін смартфонда, т.б. [Music Center] белгішесін түртіңіз.
    2. [SRS-XV900] құрылғысын түртіңіз.
    3. [Settings] - [Sound] - [Adjust synchronization with TV audio] тармағын түртіп, одан кейін оңтайлы кідіріс мөлшерін реттеу аралығын таңдаңыз.
  • ТД-да кідірісті орнату функциясының бар-жоғын анықтау үшін ТД-мен бірге берілген нұсқаулықты қараңыз. Сондай функция болса, параметрді тиісті мәнге реттеңіз.

  • TV Sound Booster функциясының аудио әсерлеріне динамик пен ТД-ның орналасуы ықпал етуі мүмкін. Аудио дыбыстары қайталанса, динамикті ТД-ға мүмкіндігінше жақындатыңыз.

  • Динамиктің дыбыс деңгейін «Sony | Music Center» қолданбасымен реттеңіз.

  • TV Sound Booster функциясынан туындайтын аудио кідіріс мөлшері ТД-лардың өнімділігіне байланысты болғандықтан, TV Sound Booster функциясы әрбір ТД-мен жұмыс істейтініне кепілдік берілмейді.