Индикаторлар туралы мәлімет

CHARGE индикаторы (сарғылт)

Өшіп тұру Динамик зарядталып болды.
Жанып тұру Динамик зарядталуда.
Баяу жыпылықтау Кірістірілген батареяның заряды 10% не одан аз, оны зарядтау қажет.
3 рет жыпылықтап, өшеді Динамикті қосқан кезде CHARGE индикаторы 3 рет жыпылықтап, өшсе, демек кірістірілген батарея заряды таусылған және оны зарядтау қажет.

Ескерту

  • Динамик қосылып тұрғанда, ол бірге берілген АТ қуат кабелімен (ток желісінің кабелі) АТ розеткасына жалғанып тұрса, кірістірілген батарея зарядталып отырады.

    Дегенмен динамиктің қолданылуына байланысты зарядталу аяқталуы үшін ұзақ уақыт кетуі мүмкін. Батареяны зарядтаудан бұрын динамикті өшіріп қойған жөн.

  • Қоршаған орта температурасы аса төмен не жоғары болса, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін динамик кірістірілген батареяны зарядтауды тоқтатады. Зарядтау ұзақ уақыт жасалса да, ол зарядталуын тоқтатуы мүмкін. Мұндай жағдай орын алса, температураны 5–35 °C аралығындағы жұмыс температурасына дейін көтеріп не төмендетіп, АТ қуат кабелін (ток желісінің кабелі) ағытып, қайта жалғаңыз да, динамик батареяны қайта зарядтағанша күтіңіз.

(қуат) индикаторы

Өшіп тұру Динамик өшеді.
Жанып тұру (жасыл) Динамик қосылады.
Жанып тұру (сарғылт) Динамик өшеді. Динамик BLUETOOTH күту режимінде.
Жыпылықтайды (жасыл немесе сарғылт)
  • Динамиктегі -/+ (дыбыс деңгейі) түрткен сайын, индикатор жасыл түспен бір рет жыпылықтайды.

  • Динамиктегі -/+ (дыбыс деңгейі) пайдаланған кезде және дыбыс деңгейі ең төмен (0) немесе ең жоғары (музыка ойнату үшін 50) деңгейге орнатылған жағдайда, индикатор 3 рет жасыл түспен жыпылықтайды.

  • Динамиктегі жарықтандыру түсінің таңдағыштарының бірімен шам түсі өзгертілген кезде, индикатор жасыл түспен бір рет жыпылықтайды.

  • Динамиктегі жарықтандыру түсінің таңдағышымен ағымдағы түс таңдалған кезде, индикатор жасыл түспен 3 рет жыпылықтайды.

  • Динамиктегі (ойнату) және - (дыбыс деңгейі) бір уақытта түртіп, шамамен 5 секунд ұстап тұрса, сондай-ақ Автоматты күту режимі функциясы өшіп тұрса, индикатор сарғылт түспен 3 рет жыпылықтайды.

  • Динамиктегі (ойнату) және - (дыбыс деңгейі) бір уақытта түртіп, шамамен 5 секунд ұстап тұрса, сондай-ақ Автоматты күту режимі функциясы қосылып тұрса, индикатор сарғылт түспен екі рет жыпылықтайды.

  • Динамиктегі (ойнату) және (BLUETOOTH) бір уақытта түртіп, шамамен 2 секунд ұстап тұрса, сондай­ақ BLUETOOTH байланыс сапасы үшін «Тұрақты байланысқа басымдық беру» таңдаулы параметрі таңдалған болса, индикатор жасыл түспен 3 рет жыпылықтайды.

  • Динамиктегі (ойнату) және (BLUETOOTH) бір уақытта түртіп, шамамен 2 секунд ұстап тұрса, сондай-ақ BLUETOOTH байланыс сапасы үшін «Дыбыс сапасына басымдық беру» таңдаулы параметрі таңдалған болса, индикатор жасыл түспен екі рет жыпылықтайды.

  • Бағдарламалық құралды жаңарту процесі ілгерілей түскенде, жасыл(қуат) индикаторының күйі ауысады (5 рет жыпылықтаудан 4 рет жыпылықтауға, бір рет жыпылықтауға және одан кейін сөніп тұратын күйге*).

  • Бағдарламалық құралды жаңартудан кейін динамик алғаш рет қосылған кезде, жаңарту аяқталғанын хабарлау үшін индикатор жасыл түспен 3 рет жыпылықтайды және (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жыпылықтайды.

Екі рет жыпылықтап тұр (сарғылт) Батареяны зарядтау кезінде қате анықталды. Зарядтауды дереу тоқтатып, біраз уақыт күтіңіз, одан кейін кірістірілген батареяны қайта зарядтаңыз. Толық мәлімет алу үшін Зарядтауға қатысты ескертулер бөлімінен қараңыз.
Үш рет жыпылықтап тұр (сарғылт) Жарамсыз түрту әрекеті немесе BLUETOOTH байланысының ажырауы сияқты әдеттен тыс жағдай анықталды (электр тізбегінің қатесі). Динамикті қайта қосу үшін Динамикті қайта қосу бөліміде сипатталған қадамдарды орындаңыз.
Төрт рет жыпылықтап тұр (сарғылт)
  • «Sony | Music Center» қолданбасы бағдарламалық құралды жаңартуды тоқтатты.

  • Бағдарламалық құралды жаңарту нәтижесіз болды.

* Жағдайларда байланысты барлық жыпылықтау үлгілерін көре алмауыңыз мүмкін.

(BLUETOOTH) индикаторы (көгілдір)

Өшіп тұру BLUETOOTH функциясы іске қосылмаған.
Жанып тұру Динамик BLUETOOTH құрылғысына жалғанып тұр.
Жыпылықтайды
  • «Sony | Music Center» қолданбасы бағдарламалық құралды жаңартуды тоқтатты.

  • Бағдарламалық құралды жаңарту нәтижесіз болды.

  • Бағдарламалық құралды жаңартудан кейін динамик алғаш рет қосылған кезде, жаңарту аяқталғанын хабарлау үшін индикатор 3 рет жыпылықтайды және (қуат) индикаторы жасыл түспен жыпылықтайды.

Екі рет жыпылықтап тұр

Динамик жұптастыру режимінде.

Баяу жыпылықтау

Динамик BLUETOOTH құрылғысына жалғануды күтіп тұр.

MEGA BASS индикаторы (ақ)

Өшіп тұру Дыбыс әсері MEGA BASS режимінен басқа режимге орнатылған.
Жанып тұру Дыбыс әсері MEGA BASS режиміне орнатылған.

STAMINA индикаторы (ақ)

Өшіп тұру Дыбыс әсері STAMINA режимінен басқа режимге орнатылған.
Жанып тұру Дыбыс әсері STAMINA режиміне орнатылған.

GUITAR индикаторы (ақ)

Өшіп тұру Динамик гитара режимінде емес.
Жанып тұру Динамик гитара режимінде.