USB құрылғысындағы музыканы тыңдау

Динамик келесі аудио файл форматтарын қолдайды.

  • MP3: файл кеңейтімі [.mp3]

  • WMA: файл кеңейтімі [.wma]

  • WAV: файл кеңейтімі [.wav]

  1. USB құрылғысын PLAY/CHARGE OUTPUT портына (USB) жалғаңыз.

  2. Динамикте USB түртіңіз.
  3. Ойната бастау үшін динамиктегі(ойнату) түртіңіз.

    Ойнатуды басқару немесе USB құрылғысындағы музыка тізімінен музыканы оп-оңай таңдау үшін «Sony | Music Center» қолданбасын пайдалануға болады.

    Динамиктегі(ойнату) көмегімен төмендегі әрекеттерді де орындауға болады.

    • Ойнатуды кідірту

      Ойнатылып жатқанда, динамиктегі(ойнату) түртіңіз. Ойнатуды қайта қосу үшін оны тағы бір рет түртіңіз.

    • Келесі әнге аттап өту

      Ойнатылып жатқанда, динамиктегі (ойнату) қатарынан екі рет тез түртіңіз.

    • Ағымдағы немесе алдыңғы әннің басына өту

      Ойнатылып жатқанда, динамиктегі(ойнату) қатарынан 3 рет тез түртіңіз.

  4. Дыбыс деңгейін реттеу үшін динамиктегі -/+ (дыбыс деңгейі) түртіңіз.

Тұспал

  • Жалғанған құрылғыдан жүктеу орындалып жатқанда, динамиктегі USB жыпылықтай береді.

Ескерту

  • Динамик төмендегі жағдайларда USB құрылғысындағы аудио файлдарды ойната алмайды:

    • Жалғанған USB құрылғысындағы аудио файлдардың жалпы саны 2 000-нан асады.

    • Жалғанған USB құрылғысындағы қалталардың саны, «ROOT» қалтасын қоса есептегенде, 300-ден асады.

      Жоғарыдағы мәндер файлдар мен қалталардың құрылымына байланысты. Аудио файлдар жазылған USB құрылғысында түрлері басқа-басқа файлдарды немесе қажетсіз қалталарды сақтамаңыз.

  • Динамик ең көбі 8-деңгейдегі қосалқы қалталарға жазылған аудио файлдарды ойната алады.

  • Ойнату кезінде ішінде аудио файлдары жоқ қалталар еленбейді.

  • Қолдау көрсетілетін файл кеңейтіміне ие файлдың іс жүзіндегі мазмұны мақсатты мазмұнынан өзге болса, сол файл ойнатылған кезде, динамиктен шу естілуі немесе динамик дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.