Сыртқы микрофонды қолдану

Әдеттегі айырмен динамикалық микрофонды (Φ 6,3 мм) (бөлек сатылады) жалғап, дауысыңызды динамиктен шығаруға болады.

  1. Микрофонның дыбыс деңгейін азайту үшін MIC деңгей тұтқасын немесе MIC және GUITAR деңгей тұтқасын MIN мәніне бұраңыз.

  2. Динамиктің артқы жағындағы MIC1 ұясына немесе MIC2/GUITAR ұясына сыртқы микрофонды жалғаңыз.

  3. MIC деңгей тұтқасымен немесе MIC және GUITAR деңгей тұтқасымен дыбыс деңгейін реттеңіз.
  4. Жалғанған микрофонға сөйлеңіз немесе ән салыңыз.

Ескерту

  • Сауық кешінде жалғау немесе Стерео режимде жұптастыру функциясын қолданған кезде, дыбыс микрофон жалғанып тұрған динамиктен ғана шығады.