NFC үйлесімді құрылғысымен бір рет түрту арқылы байланыстыру (NFC)

Динамикті смартфон немесе т.б. секілді NFC үйлесімді құрылғыларымен түрту арқылы динамик автоматты қосылып, жұптастыру және BLUETOOTH байланысын жалғастырады.

Үйлесімді смартфондар
Android 4.1 немесе одан кейінгі нұсқасы орнатылған NFC үйлесімді смартфондар
Үйлесімді Walkman модельдері
NFC үйлесімді Walkman модельдері*1

*1 Егер Walkman құрылғысы NFC функциясымен үйлесімді болса да, ол бір рет түрту арқылы BLUETOOTH динамикпен байланысын орната алмауы мүмкін. Үйлесімді модельдер туралы мәліметтерді Walkman құрылғысымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

NFC
NFC (Жақын өріс байланысы) смартфондар мен IC тегтері сияқты түрлі құрылғылар арасында қысқа уақыттағы сымсыз байланысты қосу технологиясы.
NFC функциясының арқасында ақпараттық байланысқа (мысалы, BLUETOOTH жұптастыру) NFC үйлесімді құрылғыларын бірге жай ғана түрту арқылы қол жеткізуге болады (мысалы, N белгі таңбасы немесе әр құрылғыда көрсетілген орны).


Бастамастан бұрын келесіні орындаңыз.

  • Құрылғының дыбыс деңгейін азайтыңыз.
  • Кенет динамиктен қатты дыбыс шықпауы үшін, BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды тоқтатыңыз.
  1. Құрылғының NFC функциясын қосулы күйге орнатыңыз.
  2. Динамикті құрылғымен түртіңіз.

    Алдымен құрылғының экранын құлыптаңыз.

    Құрылғыны динамиктің N белгісіне құрылғы жауап бергенше (бірнеше секундқа созылуы мүмкін) тигізіп тұрыңыз.

    Динамик өшіп тұрған болса, құрылғы тиген кезде динамик қосылады.

    Байланыс орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

    BLUETOOTH байланысы орнатылғанда, (BLUETOOTH) индикаторы жанулы күйінде қалады.

    Ажырату үшін динамикті құрылғымен қайта түртіңіз.

Тұспал

  • Динамик қосылмаса да, құрылғыға тигізгенде, (BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтайды. Байланыс орнатылған кезде, (BLUETOOTH) индикаторы ақ болып жанады.
  • Динамикті қоса алмасаңыз, келесі әрекетті орындаңыз.
    • Құрылғыны динамиктің N белгісінің бөлігі арқылы баяу жылжытыңыз.
    • Егер құрылғы қаптамада болса, қаптамасын шешіңіз.
  • Құрылғыны динамикке тигізсеңіз, құрылғы ағымдағы құрылғымен (NFC құрылғысымен үйлесімді құлақаспап, т.б.) BLUETOOTH байланысын тоқтатып, динамикпен байланысады (One touch байланысын қосу).

Ескерту

  • Динамик пен BLUETOOTH құрылғысы BLUETOOTH байланысы арқылы қосылған кезде, аудио кабель динамиктің AUDIO IN ұясына жалғанса, BLUETOOTH арқылы қосылған құрылғыдағы дыбыс динамиктен шықпайды (спикерфон функциясы қолжетімді). Музыканы BLUETOOTH құрылғысынан тыңдау үшін аудио кабельді динамиктің AUDIO IN ұясынан ажыратыңыз.
  • Құрылғыңыз магнит күшіне жауап ретінде күту режиміне өтетін болса, ол NFC арқылы қосылмауы мүмкін.
  • Динамикті қосу функциясы немесе сымсыз Party Chain функциясы пайдаланылғанда, (BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтайтын динамикті түртіңіз. Құрылғы BLUETOOTH байланысын (BLUETOOTH) индикаторы өшіп тұрған динамикпен орната алмайды.