Компьютермен (Windows 10) жұптастыру және жалғау

Жұптастыру ақпаратты сымсыз қосылатын BLUETOOTH құрылғыларында өзара тіркеуді талап ететін процесс болып табылады.

Алғаш рет BLUETOOTH байланысын орнату үшін құрылғыны динамикпен жұптастыру қажет. Басқа құрылғыларды жұптастыру үшін осы процедураларды орындаңыз.

Бастамастан бұрын келесіні орындаңыз.

  • Компьютерде BLUETOOTH сымсыз байланыс функциясының барына көз жеткізіңіз.
  • Компьютерді динамиктен 1 м аралықта орналастырыңыз.
  • Динамикті айнымалы ток розеткасына қосыңыз немесе батареяны толығымен зарядтаңыз.
  • Анықтаманы компьютермен бірге берілген пайдалану нұсқауларынан қараңыз.
  • Компьютерде ойнатуды тоқтатыңыз.
  • Динамиктен қатты дыбыстың кездейсоқ шығуына жол бермеу үшін компьютер мен динамиктің дыбыс деңгейін төмендетіңіз.
  • Компьютерге байланысты ішкі BLUETOOTH адаптерін қосу керек болады. Егер BLUETOOTH адаптерін қалай қосуды білмесеңіз немесе компьютерде ішкі BLUETOOTH адаптерінің барына сенімсіз болсаңыз, компьютердің пайдалану нұсқауларын қараңыз.
  • Компьютердегі динамик параметрін қосулы күйге қойыңыз. Егер компьютерде динамик параметрі дыбыссыз (өшірулі) режимде болса, динамиктен дыбыс шықпайды.
    • Егер компьютердегі динамик параметрі дыбыссыз (өшірулі) режимде болса

    • Егер компьютердегі динамик параметрі қосулы режимде болса

  1. Компьютерде динамикті іздеуге дайындаңыз.

    Экранның оң жақ төменгі жағындағы тапсырмалар тақтасынан [ (Action Center)] – [Bluetooth] опциясын таңдаңыз.

  2. Динамикті іске қосыңыз.

    (қуат) индикаторы ақ болып жанады.

    (BLUETOOTH) индикаторы ақ болып жыпылықтайды.

    • Динамикті сатып алғаннан кейін алғаш қосқан кезде, (BLUETOOTH) индикаторы ақ болып тез жыпылықтай бастайды және динамик қосылған кезде, ол жұптастыру режиміне автоматты түрде өтеді. -қадамға өтіңіз.
    • Динамикті қосқан кезде, динамик BLUETOOTH байланысы арқылы соңғы қосылған BLUETOOTH құрылғысымен байланыс орнатпақ болады. Құрылғы жақын жерде болса және оның BLUETOOTH функциясы қосулы болса, BLUETOOTH байланысы автоматты түрде орнатылып, (BLUETOOTH) индикаторы жанады. Басқа BLUETOOTH құрылғысын қосқыңыз келсе, ағымдағы BLUETOOTH байланысын қазір қосылған BLUETOOTH құрылғысын пайдалану арқылы тоқтатыңыз.
  3. Дауыстық нұсқау естілгенше және (BLUETOOTH) индикаторы ақ болып жылдам жыпылықтай бастағанша, (қуат) PAIRING түймесін басып тұрыңыз.

    Динамик жұптастыру режиміне өтеді.

  4. Компьютерден динамикті іздеңіз.
    1. Экранның оң жақ төменгі жағындағы Action Center аумағынан [Connect] опциясын таңдаңыз.

    2. [SRS-XB40] параметрін таңдаңыз.

      Егер экранда [SRS-XB40] пайда болмаса, процедураны -қадамнан қайталаңыз.

      Жұптастырудан кейін BLUETOOTH байланысы автоматты түрде орнатылады және экранда [Connected music] көрсетіледі.

  5. (BLUETOOTH) индикаторының жыпылықтаудан жанып тұруға ауысқанын тексеріңіз.

    Динамик компьютерге жалғанғанда, (BLUETOOTH) индикаторы жанып тұрады. Компьютердегі музыканы тыңдауға болады.

Тұспал

  • Жоғарыда түсіндірілген процедура тек нұсқаулық үшін. Мәліметтер алу үшін компьютермен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
  • BLUETOOTH байланысы орнатылғанның өзінде басқа BLUETOOTH құрылғысына жұптастыруға немесе қосуға болады. Мұндай жағдайда алдыңғы байланыс ажыратылады.
  • SongPal құралында BLUETOOTH байланысы арқылы музыка ойнату функциясы жоқ. Музыканы смартфондар, компьютерлер, т.б. сияқты BLUETOOTH құрылғыларымен ойнатыңыз.
  • Егер компьютерде BLUETOOTH функциясы болмаса, сатып алынған BLUETOOTH адаптерін компьютерге қосу керек болады.

Ескерту

  • Динамиктің жұптастыру режимі шамамен 5 минуттан кейін іске қосылады және (BLUETOOTH) индикаторы баяу жанады. Дегенмен зауыттық параметрлер сияқты жұптастыру ақпараты динамикте сақталмаса, жұптастыру режимінен іске қосылмайды. Жұптастыру режимі процесті аяқтаудан бұрын ажыратылса, -қадамнан бастап қайталаңыз.
  • BLUETOOTH құрылғылары жұптастырылғаннан кейін, келесі жағдайлардан басқа кезде оларды қайта жұптастырудың қажеті жоқ:
    • Жұптастыру ақпараты жөндеуден, т.б. кейін жойылды.
    • Динамик 8 құрылғымен жұптастырылған және басқа құрылғыны жұптастыру қажет.
      Динамикті 8 құрылғыға дейін жұптастыруға болады. 8 құрылғы жұптастырылғаннан кейін жаңа құрылғы жұптастырылса, ескі байланыс уақытымен жұптастырылған құрылғы жаңасымен ауыстырылады.
    • Динамикпен жұптастыру ақпараты BLUETOOTH құрылғысынан жойылған.
    • Динамик қосылады.
      Барлық жұптастыру ақпараты жойылады. Егер динамикті іске қоссаңыз, ол iPhone/iPod touch немесе компьютерге қосылмауы мүмкін. Мұндай жағдайда iPhone/iPod touch немесе компьютердегі динамик ақпаратын өшіріп, жұптастыру процедурасын қайта орындаңыз.
  • Динамикті бірнеше құрылғылармен жұптастыруға болады, бірақ бір уақытта тек бір жұптастырылған құрылғыдан музыка ойнатуға болады.
  • Бұл динамиктің кілтсөзі - «0000». Егер BLUETOOTH құрылғысында «0000» басқа кілтсөз орнатылса, динамикпен жұптастыру мүмкін болмайды.
  • Динамик пен BLUETOOTH құрылғысы BLUETOOTH байланысы арқылы қосылған кезде, аудио кабель динамиктің AUDIO IN ұясына жалғанса, BLUETOOTH арқылы қосылған құрылғыдағы дыбыс динамиктен шықпайды (спикерфон функциясы қолжетімді). Музыканы BLUETOOTH құрылғысынан тыңдау үшін аудио кабельді динамиктің AUDIO IN ұясынан ажыратыңыз.