Бірнеше динамик арқылы сымсыз ойнату функциясын қолдану (сымсыз Party Chain функциясы)

Сымсыз Party Chain функциясымен үйлесетін 10 құрылғыға дейін бір уақытта біріктіріп, музыка тыңдауға болады. Сымсыз Party Chain функциясымен үйлесімді құрылғыларды алдын ала дайындаңыз.

Үйлесімді құрылғылар:

SRS-XB20 , SRS-XB30, SRS-XB40

Ең соңғы үйлесімді құрылғылар туралы төмендегі қолдау бетінен қараңыз.


Динамикті іске қоспастан бұрын, келесі әрекетті орындағаныңызға көз жеткізіңіз:

  • Жалғанатын динамиктерді бір-бірінен 1 м алыс қойыңыз.

  • Реттеуді бастамас бұрын, жалғанатын динамиктердің барлығын өшіріңіз.
  1. Бірінші динамикті реттеңіз.

    Төмендегі әрекет — SRS-XB40 бірінші динамик ретінде орнатуға арналған үлгі. Пайдаланып отырған құрылғымен берілген пайдалану нұсқауларын қарап, сымсыз Party Chain функциясымен үйлесімді басқа құрылғыларды реттеңіз.

    1. Динамиктегі (қуат) PAIRING түймесін басыңыз.

      (BLUETOOTH) индикаторы ақ болып жыпылықтайды.

    2. BLUETOOTH құрылғысын динамикке BLUETOOTH байланысы арқылы жалғаңыз.

      Жалғанатын BLUETOOTH құрылғысының түріне байланысты мына бөлімдерді қараңыз.

      BLUETOOTH құрылғысымен жұптастыру және қосу

      Компьютермен (Windows 10) жұптастыру және жалғау

      Компьютермен (Windows 8) жұптастыру және жалғау

      Компьютермен (Windows 7) жұптастыру және жалғау

      Динамиктің (BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтауын тоқтатып жанып тұрған кезде, BLUETOOTH байланысы орнатылады.

    3. Дыбыстық белгі естілгенше, ADD және + (дыбыс деңгейі) түймелерін 6 секунд басып тұрыңыз.

      (BLUETOOTH) және L/R индикаторлары ақ болып жыпылықтайды. Шамамен 6 секундтан кейін дыбыстық белгі естіледі, сосын L/R индикаторлары бір рет жанады да, баяу кезекпен жыпылықтайды. (BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтап тұрады.

  2. Екінші және басқа динамиктерді жалғаңыз.

    Төмендегі әрекет - SRS-XB40 екінші динамик ретінде жалғауға арналған үлгі. Пайдаланып отырған құрылғымен берілген пайдалану нұсқауларын қарап, сымсыз Party Chain функциясымен үйлесімді басқа құрылғыларды қосыңыз.

    1. Жалғанатын динамиктегі (қуат) PAIRING түймесін басыңыз.

      Қосылған динамиктің (BLUETOOTH) индикаторы ақ болып жыпылықтайды.

    2. Дыбыстық белгі естілгенше, ADD және + (дыбыс деңгейі) түймелерін 3 секунд басып тұрыңыз.

      (BLUETOOTH) және L/R индикаторлары ақ болып жыпылықтайды. Сосын L/R индикаторлары жанады. (BLUETOOTH) индикаторы өшеді.

      Тұспал

      • Екінші динамикті 1 минуттың ішінде жалғаңыз. 1 минут не одан көп уақыттан кейін динамик параметрінен бас тартылады.
    3. Басқа динамиктерді де қосу үшін – 1 – 2 қадамдарын қайталаңыз.

      Тұспал

      • Үшінші және басқа динамиктерді қосқан кезде, алдыңғы динамикті қосқаннан кейін 30 секундтың ішінде оны қосыңыз. 30 секунд не одан көп уақыттан кейін динамикті қосу мүмкін болмайды.
      • Жалғаған соң басқа динамикті (30 секунд не одан көп) қосқыңыз келсе, – 3-қадамды орындаңыз, сосын – 1 – 2 қадамдарды орындаңыз.
  3. Ойнатуды бастаңыз.
    1. Қосылған BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастаңыз да, дыбыс деңгейін реттеңіз.

      Барлық динамиктерден бірдей музыка ойнатылады.

      Тек BLUETOOTH қосылған динамигі үшін дыбыс деңгейі BLUETOOTH құрылғысымен синхрондалады. Басқа динамиктер үшін динамик құралындағы дыбыс деңгейін жекелеп реттеңіз.

Ескерту

  • Сымсыз Party Chain функциясымен фильм көргенде, бейне мен дыбыста айырмашылық болуы мүмкін.