Музыканы екі динамикпен сымсыз байланыс арқылы тыңдау (динамикті қосу функциясы)

Екі SRS-XB40 динамигін BLUETOOTH арқылы жалғаған кезде, дыбыс ойнату режимі ретінде стерео (стерео дыбыс) немесе қос режимін (монофондық дыбыс) таңдауға болады. Бұл функцияны пайдалану үшін екі SRS-XB40 динамигі қажет.

Төмендегі екі ойнату әдісінен таңдаңыз:

Қос режим

Екі динамик те бір дыбысты ойнатады. Қос режим — бастапқы параметр.

Стерео режим

Динамиктер арасында стерео ойнату үшін бір динамик дыбысты оң жақтағы арнадан (оң жақ) ойнатса, екінші динамик дыбысты сол жақтағы арнадан (сол жақ) ойнатады.

Ескерту

  • Динамикті қосу функциясын реттемей тұрып, екі динамикті де өшіріңіз.
  1. Бірінші динамикті реттеңіз.
    1. Динамиктердің бірін қосу үшін ондағы (қуат) PAIRING түймесін басыңыз.

      (BLUETOOTH) индикаторы ақ болып жыпылықтай бастайды.

    2. Дыбыстық белгі естілгенше, ADD түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.

      (BLUETOOTH) және L/R индикаторлары ақ болып жыпылықтайды. Шамамен 3 секундтан кейін дыбыстық белгі естіледі де, L/R индикаторлары жанады.

      (BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтап тұрады.

  2. Екінші динамикті реттеңіз.
    1. Екінші динамикті қосу үшін ондағы (қуат) PAIRING түймесін басыңыз.

      Динамиктің (BLUETOOTH) индикаторы ақ болып жыпылықтай бастайды.

    2. Дыбыстық белгі естілгенше, ADD түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.

      (BLUETOOTH) және L/R индикаторлары ақ болып жыпылықтайды. (BLUETOOTH) индикаторы өшкенде, L/R индикаторлары жанады.

      Тұспал

      • Егер 2 динамик BLUETOOTH арқылы жылдам байланысса, L/R индикаторлары (BLUETOOTH) индикаторы мен L/R индикаторларының жыпылықтауынсыз жанады.
      • Екінші динамикті 1 минуттың ішінде реттеңіз. Егер 1 минуттың ішінде реттемесеңіз, бірінші динамиктің параметрінен бас тартылады.
  3. BLUETOOTH құрылғысымен BLUETOOTH байланысын орнату үшін (BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтаған динамикті пайдаланыңыз.

    Динамиктің (BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтауын тоқтатып жанып тұрған кезде, BLUETOOTH байланысы орнатылады.

  4. BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастап, дыбысты орташа деңгейге қою үшін дыбыс деңгейін реттеңіз.
  5. Дыбыс деңгейін реттеу үшін динамиктердің біріндегі /+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басыңыз.

    Бір динамиктің дыбыс деңгейін реттеу басқасына әсер етеді.

Тұспал

  • Қоңырау шалған немесе қабылдаған кезде, (BLUETOOTH) индикаторы жанып тұрған динамикті ғана қолданыңыз.
  • Егер BLUETOOTH тінтуірі немесе BLUETOOTH пернетақтасы сияқты BLUETOOTH құрылғысы (құрылғылары) динамикке қосылған BLUETOOTH құрылғысына қосылса, динамиктің шығысында бұрмаланған дыбыс не шу болуы мүмкін. Мұндай жағдайда BLUETOOTH құрылғысы мен басқа BLUETOOTH құрылғысы (құрылғылары) арасындағы BLUETOOTH байланысын тоқтатыңыз.
  • Динамикті қосу функциясын пайдаланғанда, SBC кодегіне ауыстырыңыз.

Ескерту

  • Динамикті қосу функциясын пайдаланған кезде екі динамиктің бірін қалпына келтірсеңіз немесе бастапқы күйіне орнатсаңыз, басқа динамикті өшіргеніңізді тексеріңіз. Динамикті қосу функциясы қайта іске қосылмас бұрын басқа динамикті өшірмесеңіз, BLUETOOTH байланысын жасауда және дыбыс шығаруда қиындық болуы мүмкін.
  • Бір рет түрту (NFC) арқылы BLUETOOTH байланысын орнатқанда, (BLUETOOTH) индикаторы жанған динамикті түртіңіз. Құрылғы BLUETOOTH байланысын (BLUETOOTH) индикаторы өшіп тұрған динамикпен орната алмайды.
  • Портативті дыбыс құрылғысы және т.б. құрылғы динамиктің AUDIO IN ұясына жалғанса, динамик автоматты түрде AUDIO IN режиміне ауысып, динамикті қосу функциясы тоқтайды.