Сақтық шаралар

Ұялы телефонмен пайдалану кезінде назар аударыңыз

  • Дыбысты BLUETOOTH байланысы арқылы тасымалдауда телефон қоңырауына жауап беру кезіндегі ұялы телефоныңыздың жұмыс жасауына қатысты мәліметтер алу үшін ұялы телефонмен бірге келген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

Қауіпсіздік техникасы бойынша

  • Динамикті іске қоспастан бұрын, динамиктің жұмыс кернеуі жергілікті қуат көзімен бірдей болатынын тексеріңіз.
    • Сатып алынған жер: барлық елдер/аймақтар
    • Жұмыс кернеуі: 100 В – 240 В айнымалы ток, 50 Гц/60 Гц

Aйнымалы ток адаптері туралы ескертпелер

  • Aйнымалы ток адаптерін қосу не ажырату кезінде алдымен динамикті өшіріңіз. Әйтпесе ақау орын алуы мүмкін.
  • Тек берілген айнымалы ток адаптерін пайдаланыңыз. Динамикті зақымдауға жол бермеу үшін басқа айнымалы ток адаптерін пайдаланбаңыз.

    Ажыратып қосқыш полярлығы

  • Aйнымалы ток адаптерін жақын арадағы қабырға розеткасына қосыңыз. Ақау пайда болған жағдайда, оны қабырға розеткасынан дереу ажыратыңыз.
  • Айнымалы ток адаптерін кітап сөресі немесе ішкі шкаф сияқты жабық аймаққа орнатпаңыз.
  • Өрт не ток соғу қаупін азайту үшін айнымалы ток адаптерін су тамшылауы не шашырауы мүмкін жерлерге орнатпаңыз және ваза сияқты сұйықтық толтырылған заттарды айнымалы ток адаптеріне қоймаңыз.

Орнату бойынша

  • Динамикті қисайтып орнатпаңыз. Егер қисайған күйінде орнатылса, ол динамиктің діріліне байланысты құлауы мүмкін, соның салдарынан адамды жарақаттауы, істетпеуі немесе өнімділігі бұзылуы мүмкін.
  • Орнатылған жағдайына қарай ол аударылуы немесе құлауы мүмкін. Динамиктің қасына құнды заттар, т.б. қоймаңыз.
  • Динамикті жылу көздеріне жақын, күн сәулесі тура түсетін, тез шаң жиналатын, ылғал, жаңбыр тиетін немесе механикалық соққы болатын орында қалдырмаңыз.

Жұмыс жасау бойынша

  • Кез келген кішкентай заттарды, т.б. ұяға не динамиктің артқы жағындағы вентиляция саңылауына салмаңыз. Динамик тұйықталуы немесе жұмыс істемеуі мүмкін.
  • Жарық күшті болған кезде, бөлмені жарықтандырыңыз немесе жарықты өшіріңіз.

Тазалау бойынша

  • Корпусын тазалау үшін алкогольді, бензинді немесе еріткішті пайдаланбаңыз.

Басқалар

  • Динамикті қосу функциясын пайдаланғанда, екі динамик қажет болады. Динамикті қосу функциясын пайдаланған кезде ғана SBC кодегіне қолдау көрсетіледі.
  • Осы көмекші нұсқаулықта қамтылмаған динамикке қатысты қандай да бір сұрақтар немесе ақаулар болса, ең жақын жердегі Sony дилеріңізге хабарласыңыз.