BLUETOOTH күту режимі функциясын пайдалану

BLUETOOTH күту режимінің функциясы қосылғанда, динамик автоматты түрде BLUETOOTH құрылғысын іске қосу арқылы қосылады және BLUETOOTH байланысын іске қосады.

Динамикті пайдаланудан бұрын келесілерді ескеріңіз:

  • Динамик айнымалы ток розеткасына айнымалы ток адаптері арқылы қосылғанда ғана, BLUETOOTH күту режимінің функциясы қолжетімді болады. Динамик тек ішкі батарея арқылы ғана зарядталатын болса, BLUETOOTH күту режимінің функциясы қолжетімді болмайды.
  • Динамикті BLUETOOTH құрылғысымен алдын ала жұптастырыңыз. Жұптастыру ақпараты динамикте, мысалы, динамикті сатып алғаннан кейін бірінші рет пайдаланған жағдайда сақталмаса, динамик BLUETOOTH күту режиміне кірмейді.
  1. Динамикті айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
  2. Динамикті іске қосыңыз.

    (қуат) индикаторы ақ болып жанады.

  3. Бағдарламаны іске қосу үшін смартфоныңыздағы, iPhone және т.б. құрылғыдағы [SongPal] түймесін түртіңіз.

    SongPal

  4. [SRS-XB40] опциясын түртіңіз.

  5. [Settings] опциясын түртіңіз.

  6. [Power Option] опциясын түртіңіз.
  7. [BT Standby] опциясын түртіп, BLUETOOTH күту режимін қосыңыз.
  8. [Done] опциясын түртіңіз.

BLUETOOTH күту режимі функциясын өшіру

қадамдарды қайтадан орындап, BLUETOOTH күту режимінің функциясын өшіріңіз, сосын [Done] опциясын түртіңіз.

Тұспал

  • BLUETOOTH күту функциясы қосулы кезде динамикті өшірсеңіз, (қуат) индикаторы қызғылт-сары болып жанады.