NFC үйлесімді құрылғыны бір рет түрту арқылы ажырату (NFC)

Динамикті смартфон немесе Walkman, т.б. сияқты қосылған NFC үйлесімді құрылғыдан динамикті онымен түрту арқылы ажырата аласыз.

  1. Құрылғыны динамиктің N белгісі бар бөлігімен түртіңіз.

Тұспал

  • Динамик құрылғыдан бір рет түрту арқылы ажыратылған соң, ешқандай әрекет орындалмаса және 15 минутта ешқандай дыбыс енгізілмесе, динамик автоматты түрде өшіру функциясы арқылы өшеді.
  • Динамикті ажырата алмасаңыз, келесі әрекетті орындаңыз.
    • Құрылғыны динамиктің N белгіленген бөлігі арқылы баяу жылжытыңыз.
    • Егер құрылғы қаптамада болса, қаптамасын шешіңіз.
  • Динамикті қосу функциясы немесе сымсыз Party Chain функциясы пайдаланылғанда, (BLUETOOTH) индикаторы жанатын динамикті түртіңіз. (BLUETOOTH) индикаторы өшіп тұрған динамикті түртсеңіз, құрылғы ажыратылмайды.