Қос режим мен стерео режимді ауыстырып қосу (динамикті қосу функциясы)

Екі динамикті пайдалана отырып, монофондық ойнату (қос режим) және стерео ойнату (стерео режим) арасында ауыстырып қосуға болады.
  1. Дыбысты қайта ойнату үшін динамиктердің біріндегі ADD түймесін басыңыз.

    ADD түймесін басқан сайын, режим өзгереді.

    Екі динамиктегі L/R индикаторлары дыбысты ойнату күйін көрсетеді.

    Қос режим: екі динамиктегі L/R индикаторлары ақ болып жанады.

    Стерео режим (L ch/R ch): бір динамиктегі L индикаторы мен екінші динамиктегі R индикаторы ақ болып жанады.

    Стерео режим (R ch/L ch): L индикаторы өшеді, ал бір динамикте R индикаторы ақ болып жанады. Екінші динамикте R индикаторы өшеді, ал L индикаторы ақ болып жанады.