RESET түймесін пайдалану

Егер динамикті қосу немесе қосылғанына қарамастан оны пайдалану мүмкін болмаса, артқы жағындағы қақпақты ашып, RESET түймесін істікпен немесе басқа үшкір заттармен басыңыз. Динамик қалпына келтіріледі және өшеді.

RESET түймесін басқаннан кейін, динамикті қосыңыз. Егер ол қосылмаса, жақын арадағы Sony дилеріңізге хабарласыңыз.

Ескерту

  • Динамик өшірулі кезде, оның зауыттық мәндерін қалпына келтіруге болады.
  • RESET түймесін басқан кезде жұптастыру ақпараты өшпейді. Бұл — динамик инициализациясынан басқаша.
  • Ішкі батарея арқылы зарядталып жатқан кезде, динамикті қалпына келтіру үшін RESET түймесін (қуат) индикаторы өшкенше басып тұрыңыз.
  • Зауыттық мәндерін қалпына келтірген соң, дыбыс деңгейі, функция және EXTRA BASS параметрлері өзгеше болуы мүмкін.