LDAC дегеніміз не?

LDACBLUETOOTH байланысы арқылы жоғары ажыратымдылықты (Hi-Res) аудио контентін тасымалдауға мүмкіндік беретін Sony әзірлеген дыбыс кодтау технологиясы. SBC секілді басқа да BLUETOOTH үйлесімді кодтау технологияларынан бөлек, ол жоғары ажыратымдылықты аудио контентін*1 төмен жиілікке түрлендірмей жұмыс істейді және BLUETOOTH сымсыз желісімен тасымалданатын басқа технологияларға қарағанда тиімді кодтау және оңтайлы жинау арқылы теңдессіз дыбыс сапасымен бірге деректерді 3 есе көбірек*2 тасымалдауға мүмкіндік береді.

*1 DSD пішіміндегі контентті есепке алмағанда

*2 деректерді жіберу жылдамдығы 990 кбит/с (96/48 кГц) немесе 909 кбит/с (88,2/44,1кГц) таңдалған кездегі SBC (Қосалқы ауқым кодтауы) мүмкіндігімен салыстырғанда

Ескерту

  • Желі ортасына байланысты жоғары жылдамдықта тасымалдауда үзіліс болуы мүмкін.