Сауық кешінде жалғау функциясын өшіру
Барлық қосылыстарды ажырату және Сауық кешінде жалғау функциясынан шығу
(BLUETOOTH) индикаторы жанып тұрған динамикте (бірінші динамик ретінде орнатылған динамик) PARTY (Сауық кешінде жалғау) түймесін сигнал естіліп, PARTY (Сауық кешінде жалғау) индикаторы сөнгенше басып тұрыңыз.
-
(BLUETOOTH) индикатор шамдары жанып тұрған динамиктің (бірінші ретінде орнатылған динамик) AUDIO IN ұясына тасымалы аудио құрылғы жалғанса, динамик автоматты түрде AUDIO IN режиміне ауысып, Сауық кешінде жалғау функциясы өшіріледі.
Тек бір динамикті өшіру
Сауық кешінде жалғау функциясын өшіргіңіз келетін динамикте (екінші немесе одан кейінгі динамик ретінде орнатылған динамик) PARTY (Сауық кешінде жалғау) түймесін сигнал естіліп, PARTY (Сауық кешінде жалғау) индикаторы сөнгенше басып тұрыңыз.
-
Босатқыңыз келетін динамиктің (екінші не одан кейінгі динамик жинағы) AUDIO IN ұясына тасымалы аудио құрылғы жалғанса, динамик автоматты түрде AUDIO IN режиміне ауысып, тек бір динамиктің Сауық кешінде жалғау функциясы өшіріледі.
Тұспал
-
«Sony | Music Center» қолданбасынан Сауық кешінде жалғау функциясы үшін байланыс орнатуға немесе Сауық кешінде жалғау функциясын өшіруге болады.

