BLUETOOTH арқылы аудио ағынын ойнату сапасын (кодек) таңдау

«Дыбыс сапасына басымдық беру» және «Тұрақты байланысқа басымдық беру» режимдерін BLUETOOTH арқылы аудио ағынын ойнату сапасының опциялары ретінде таңдауға болады. «Дыбыс сапасына басымдық беру» режимі SBC кодегінің ғана емес, AAC және LDAC кодектерінің ойнату параметрлерін орнатуға мүмкіндік береді, соның арқасында BLUETOOTH байланысы арқылы жоғары сапалы дыбысты естисіз, ал «Тұрақты байланысқа басымдық беру» режимі тұрақтырақBLUETOOTH арқылы аудио ағынын тарату мүмкіндігін қамтамасыз етеді. «Дыбыс сапасына басымдық беру» — әдепкі параметр.

Қолдау көрсетілетін кодектер

  • Дыбыс сапасына басымдық беру (әдепкі параметр): AUTO таңдалған. AAC, LDAC және SBC арасында автоматты түрде оңтайлы кодек таңдалады.

  • Тұрақты байланысқа басымдық беру: SBC таңдалған.

  1. Динамикті бірге берілген айнымалы ток адаптерімен АТ розеткасына жалғаңыз.

    Ескерту

    • Динамикті қоспаңыз.

  2. Дыбыс сапасын өзгерту.

    Динамиктегі түймелерді қолданған кезде

    1. + (дыбыс деңгейі) түймесін басып тұрып, (BLUETOOTH) түймесін (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жыпылықтағанша басыңыз.

      Параметр «Тұрақты байланысқа басымдық беру» режиміне өзгертілгенде, (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен 3 рет жыпылықтайды.

      Параметр «Дыбыс сапасына басымдық беру» режиміне өзгертілгенде, (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен екі рет жыпылықтайды.

    «Sony | Music Center» қолданбасын қолданған кезде

    1. Динамикті қосу үшін оның (қуат) түймесін басыңыз.

      Тұспал

      • Динамик тек қайта зарядталатын кірістірілген батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда да, оны «Sony | Music Center» қолданбасымен басқаруға болады.

    2. Динамикті смартфон немесе iPhone сияқты BLUETOOTH құрылғысымен жұптастырыңыз.

      BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, динамиктен дауыстық нұсқау естіледі (BLUETOOTH connected (BLUETOOTH жалғанды)).

    3. Қолданбаны іске қосу үшін смартфонда, iPhone құрылғысында, т.б. жабдықта [Music Center] тармағын түртіңіз.

      Music Center

    4. [SRS-XB43] құрылғысын түртіңіз.

    5. [Settings] - [Other Settings] - [Bluetooth Codec] тармағын түртіп, кодекті таңдаңыз.

      [AUTO]: Дыбыс сапасына басымдық беру

      [SBC]: Тұрақты байланысқа басымдық беру

Ескерту

  • BLUETOOTH құрылғысының параметрі және қоршаған орта шарттарына байланысты [AUTO] (Дыбыс сапасына басымдық беру) режимінде шу немесе дыбыстық кедергі пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда динамикті [SBC] (Тұрақты байланысқа басымдық беру) режиміне ауыстырыңыз.