Тасымалы аудио құрылғыдағы, т.б. музыканы тыңдау
Тасымалы аудио құрылғыны, т.б. аудио кабельмен (бөлек сатылады) динамикке жалғау арқылы динамикті қолдануға болады.
Ескерту
- Динамик пен тасымалы аудио құрылғы арасында байланыс орнатудан бұрын, динамиктен кенет қатты дыбыс шықпауы үшін динамиктің және құрылғының дыбыс деңгейін төмендетіңіз.
-
Құрылғыны AUDIO IN ұясына аудио кабельмен (бөлек сатылады) жалғаңыз.
Жалғау үшін екі ұшында да стерео шағын ағытпалары (кедергісіз)*1 бар аудио кабельді қолданыңыз.
*1 Кедергісі айтарлықтай аудио кабельді (стерео шағын ағытпалары бар) қолдансаңыз, дыбыс деңгейі төмен болуы мүмкін. Сондықтан кедергісіз аудио кабельді (стерео шағын ағытпалары бар) қолдану керек.
-
Динамикті қосыңыз. *2
(қуат) индикаторы жасыл түспен жанады.*2 Бұдан бұрын динамикке жалғанған BLUETOOTH құрылғы жақын жерде тұрса, динамик сол құрылғыға автоматты түрде жалғануы мүмкін. Мұндай жағдайда динамиктегі
(BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жанады.
-
Қосып, жалғанған құрылғыда ойнатуды бастаңыз.
-
Жалғанған құрылғыда дыбыс деңгейін орташа деңгейге реттеңіз.
Дыбыс деңгейі жалғанған тасымалы аудио құрылғыдан реттелсе, динамиктегі
(қуат) индикаторы жыпылықтамайды. -
Дыбыс деңгейін реттеу үшін –/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басыңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу үшін –/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басқан кезде,
(қуат) индикаторы бір рет не 3 рет жыпылықтайды.
Тұспал
-
Дыбыс естілмеген жағдайда жалғанған құрылғыда дыбыс деңгейін көтеріңіз.
-
Динамик пен мобильді телефон (смартфон/iPhone) арасында HFP/HSP арқылы орнатылған BLUETOOTH байланысы белсенді болса, динамиктің AUDIO IN ұясына жалғанған тасымалы аудио құрылғыдағы музыканы тыңдап отырып, хендс-фри функциясын қолдануға болады.
Ескерту
-
AUDIO IN ұясына аудио кабель жалғасаңыз, AUDIO IN ұясына жалғанған құрылғының шығыс сигналы басым болып, BLUETOOTH құрылғысынан жіберілген дыбысты естімейсіз.
(BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жанып не жыпылықтап, BLUETOOTH күйін білдіреді. BLUETOOTH құрылғысынан дыбыс келмеуі динамиктің ақаулы екенінің белгісі емес. -
Аудио кабель жалғанып тұрған кезде де, «Sony | Music Center» қолданбасында BLUETOOTH режиміне ауысып, BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанған BLUETOOTH құрылғысында музыка тыңдауға болады.
-
AUDIO IN ұясына тасымалы аудио құрылғы жалғап, музыка ойнатқан кезде, кідірту, келесі әннің басына өту және ағымдағы әннің басына өту сияқты әрекеттерді орындау үшін динамиктегі түймелерді қолдану мүмкін болмайды.
-
Су шашырайтын жерде AUDIO IN ұясын қолданбаңыз. Бірге берілген айнымалы ток адаптері, сондай-ақ қақпақ артындағы USB порты және AUDIO IN ұясы су өткізбейтіндей етіп те, шаң өткізбейтін етіп де жасалмаған.
-
Динамиктен аудио кабельді ажыратқаннан кейін, қақпақты толығымен жабуды ұмытпаңыз.
Қақпақ су өткізбеу және шаң өткізбеу өнімділігінің сипаттамасында өте маңызды рөл атқарады.

