Су өткізбеу және шаң өткізбеу мүмкіндіктері туралы ескертулер

Динамиктің су өткізбеу және шаң өткізбеу өнімділігі

Қақпағы мықтап бекітілген динамик IEC60529 «Кіруден қорғау рейтингі (IP коды)»*3 стандартының «Суға батырудан қорғау деңгейі» бөлімінде көрсетілген IPX7*1 су өткізбеу сипаттамасына және «Қатты бөгде заттардан қорғау деңгейі»*3 бөлімінде көрсетілген IP6X*2 стандартының шаң өткізбеу сипаттамасына сәйкес келеді.

Су өткізбеу сипаттамалары жарамды болатын сұйықтықтар

Жарамды тұщы су, құбыр суы, бассейн суы, ащы су
Жарамды емес жоғарыда көрсетілгендерден басқа сұйықтықтар (сабынды су, тазартқыш құралдары немесе шомылуға арналған құралдар қосылған су, сусабын, ыстық бұлақ суы, т.б.)

*1 IPX7 баламалылығы: Тереңдігі 1 м суға 30 минутқа абайлап батырылғанда, динамик жұмыс істеу қабілетін сақтайтыны сыналып, анықталған.

*2 IP6X баламалылығы: Диаметрі 75 мкм-ге дейінгі шаң түйіршіктері салынған сынау құрылғысында 8 сағат араластырғаннан кейін, динамик шаң өткізбей тұратыны сыналып, анықталған.

*3 Осы динамиктің бірге берілген аксессуарлары мен коннекторлары (USB/AUDIO IN) судан немесе шаңнан қорғалмаған. Өрт шығу немесе ток соғу қаупін азайту үшін, коннекторлардың біреуін немесе екеуін де қолданып жатқан кезде, динамикке су немесе тамшы тамызбаңыз (USB/AUDIO IN). Динамиктің үстіне вазаны немесе сұйықтық құйылған кез келген басқа ыдысты қоймаңыз.


Динамиктің су өткізбеу және шаң өткізбеу өнімділігі осы жерде сипатталған жағдайлардағы өлшеулердің негізінде алынған. Клиенттің дұрыс пайдаланбау нәтижесінде су суға батырғаннан немесе шаң кіргеннен кейін пайда болған ақаулар кепілдікте қамтылмайды.

Су өткізбеу және шаң өткізбеу өнімділігінің төмендеуіне жол бермеу

Келесіні тексеріп, динамикті дұрыс пайдаланыңыз.

  • Бұл динамиктің құрылымы су қысымына төзімді емес. Душ сияқты жоғары су қысымы қолданылатын жерде динамикті пайдалану ақаулыққа әкелуі мүмкін.

  • Динамикке тікелей жоғары температурадағы суды құймаңыз немесе шаш кептіргіштің не кез келген басқа құрылғының ыстық ауа соққысын бағыттамаңыз. Сондай-ақ динамикті сауна немесе жылу көзінің жаны сияқты температурасы көтерілетін жерде қолданбаңыз.

  • Қақпақты абайлап қолданыңыз. Қақпақ су өткізбеу және шаң өткізбеу өнімділігінің сипаттамасында өте маңызды рөл атқарады. Динамикті пайдаланған кезде, қақпақ толық жабылғанын тексеріңіз. Қақпақты жапқан кезде, басқа заттарды ішіне түсіріп алмаңыз. Егер қақпақ толық жабылмаса, су өткізбеу және шаң өткізбеу өнімділігі нашарлап, динамикке су немесе шаң кіру нәтижесінде динамиктің ақаулығына әкелуі мүмкін.

    Қақпақтың орнын анықтауға арналған динамик суреті