Динамикті зарядтау

Динамик айнымалы ток адаптерімен (бірге берілген) жалғанған АТ розеткасынан немесе қайта зарядталатын кірістірілген литий-ион батареясынан алынған қуатпен жұмыс істейді.

Динамикті алғаш рет қолданған кезде, динамикті қосудан бұрын, кірістірілген батареяны 1 сағаттан астам уақыт зарядтаңыз.

Кірістірілген батареяны алдын ала зарядтап алып, динамикті тек батарея қуатымен қолдануға болады.

  1. Динамикті зарядтау үшін оны АТ розеткасына жалғаңыз.

    Бірге берілген айнымалы ток адаптерін динамиктің DC IN 5V портына және АТ розеткасына жалғаңыз.

    Батарея зарядтала бастайды да, CHARGE индикаторы сарғылт түспен жанады. Зарядтау шамамен 5 сағатта* аяқталып, индикатор өшеді.

    * Динамик өшкен кезде, бос кірістірілген батареяны толық зарядтауға кететін уақыт.


    Батарея зарядталып болған кезде динамиктен айнымалы ток адаптерін ажыратқаннан кейін, қақпақты мықтап жабуды ұмытпаңыз.

    Қақпақ су өткізбеу және шаң өткізбеу өнімділігінің сипаттамасында өте маңызды рөл атқарады.

Зарядтаудың аяқталуын тексеру

Динамикті АТ розеткасына қосқан кезде кірістірілген батарея толығымен зарядталған болса, CHARGE индикаторы сарғылт түспен жанып, одан кейін шамамен 1 минуттан кейін өшеді.

Қайта зарядталатын кірістірілген батареяның зарядын тексеру

  • Динамик қосылып тұрғанда, оның артқы жағындағы қақпақ артындағы BATT (батарея) түймесін басқаннан кейін, кірістірілген батареяның қалған қуатына байланысты динамиктен төменде көрсетілген дауыстық нұсқау шығарылады.

    80% не одан көп: «Battery fully charged» (Батарея толығымен зарядталған)

    60% не одан көп: «Battery about 70%» (Батарея заряды — шамамен 70%)

    40% не одан көп: «Battery about 50%» (Батарея заряды — шамамен 50%)

    20% не одан көп: «Battery about 30%» (Батарея заряды — шамамен 30%)

    20%-дан аз: «Please charge» (Зарядтау қажет)

    Тұспал

    • «Sony | Music Center» қолданбасынан динамикті қосқан кезде естілетін қалған батарея зарядына қатысты дауыстық нұсқауды іске қосуға/өшіруге болады.

  • 8.1 не одан кейінгі операциялық жүйе нұсқасы орнатылған Android смартфонын қолданған кезде

    Динамик Android смартфонына HFP (Hands-free Profile) BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанып тұрғанда, смартфонда [Settings] - [Device connection] - [Bluetooth] тармағын түртіңіз. Динамиктің қалған батарея заряды және жалғанып тұрған BLUETOOTH құрылғысының атауы көрсетіледі. Толық мәлімет алу үшін Android смартфонымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

    Смартфонда көрсетілген қалған батарея заряды динамиктің іс жүзіндегі қалған батарея зарядынан өзгеше болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Осы мәліметті анықтамалық мән ретінде қарастырыңыз.

  • iOS 10.0 не одан кейінгі нұсқа орнатылған iPhone/iPod touch құрылғысын қолданған кезде

    Динамик iPhone/iPod touch құрылғысына HFP (Hands-free Profile) BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанып тұрғанда, динамиктің қалған батарея заряды iPhone/iPod touch құрылғысының виджет экранында көрсетіледі. Толық мәлімет алу үшін iPhone/iPod touch құрылғысымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

    iPhone/iPod touch құрылғысында көрсетілген қалған батарея заряды динамиктің іс жүзіндегі қалған батарея зарядынан өзгеше болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Осы мәліметті анықтамалық мән ретінде қарастырыңыз.

Кірістірілген батареяның пайдалану мерзімі (BLUETOOTH байланысы қолданылған кезде)

  • Шамамен 24 сағат

    Динамиктің дыбыс деңгейі 31 мәніне орнатылған кезде.

    Жарықтандыру функциясы өшірілген.

    Дыбыс әсері STAMINA режиміне орнатылған.

  • Шамамен 14 сағат

    Динамиктің дыбыс деңгейі 30 мәніне орнатылған кезде.

    Жарықтандыру функциясы қосылған. (зауыттық әдепкі параметрлер)

    Дыбыс әсері EXTRA BASS режиміне орнатылған. (зауыттық әдепкі параметрлер)

  • Шамамен 4 сағат

    Динамиктің дыбыс деңгейі ең жоғары мәнге (50) орнатылған кезде.

    Жарықтандыру функциясы қосылған. (зауыттық әдепкі параметрлер)

    Дыбыс әсері EXTRA BASS режиміне орнатылған. (зауыттық әдепкі параметрлер)

Жоғарыда көрсетілген кірістірілген батареяның пайдалану мерзімі біз белгілеген музыка көзін қолданып өлшенген.

Дыбыс деңгейіне, ойнатылған әндерге, айнала температурасына және қолдану жағдайларына байланысты іс жүзіндегі жұмыс істеу мерзімі тізімде көрсетілгеннен өзге болуы мүмкін.

Кірістірілген батареяның заряды азайған кезде

Дауыстық нұсқауда « Please charge» (Зарядтау қажет) деп айтылып, CHARGE индикаторы баяу жыпылықтап тұрса, демек кірістірілген батарея заряды таусылуға жақын, оны зарядтау керек. Мұндай күйде динамик басқа құрылғыларға қуат бере алмайды.

Батареяны зарядтау үшін бөлек сатылатын USB айнымалы ток адаптерін қолдану

Динамик 3,0 А және 1,5 А шығыс тогын бере алатын USB айнымалы ток адаптерлерін қолдайды.

(Батареяны зарядтау үшін 3,0 А шығыс тогын бере алатын USB айнымалы ток адаптерін қолдану арқасында зарядтау уақыты азаяды.)

USB айнымалы ток адаптерінің шығыс тогын қолдайтын USB Type-C® кабелін (USB стандартымен үйлесімді) қолдану қажет.

Тұспал

  • Пайдаланылып жатқан динамикті ол айнымалы ток адаптерімен (бірге берілген) АТ розеткасына жалғанып тұрғанда зарядтауға болады. Мұндай жағдайда динамик өшіп тұрғанда зарядтаумен салыстырғанда, пайдалану шарттарына байланысты кірістірілген батарея ұзағырақ зарядталуы мүмкін. Сондықтан зарядтаған кезде динамикті өшіріп қойған жөн.

Ескерту

  • Динамикті жоғары дыбыс деңгейінде пайдаланған кезде, динамик тіпті АТ розеткасына жалғанып тұрғанда, кірістірілген батареяның заряды азаюы мүмкін. Динамикті зарядталып жатқанда қолданғыңыз келсе, оның дыбыс деңгейін төмендетіңіз. Немесе динамикті өшіріп, кірістірілген батареяны жетерліктей зарядтаңыз.

  • Динамикті ұзақ уақыт жоғары дыбыс деңгейінде пайдаланған кезде, динамик тіпті АТ розеткасына жалғанып тұрғанда, кірістірілген батареяның заряды азаюы мүмкін. Соның салдарынан дыбыс деңгейі төмендейді. Бұл ақаулық емес. Динамикті өшіріп, кірістірілген батареяны жетерліктей зарядтаңыз.

  • Динамикті жоғары дыбыс деңгейінде қолдансаңыз, динамик USB айнымалы ток адаптерімен АТ розеткасына жалғанып тұрса да, бөлек сатылатын USB айнымалы ток адаптерінің түріне немесе сипаттамаларына байланысты қайта зарядталатын кірістірілген батареяның қалған заряды азаюы немесе динамик өшуі мүмкін. Бірақ бұл ақаулық емес. Мұндай жағдай орын алса, динамикті өшіріп, оны қайтадан қолданбас бұрын, батарея толығымен зарядталғанша күтіңіз.

  • Кірістірілген батареяның заряды азайған кезде, ең жоғары шығыс қуаты төменірек болады.

  • Аса суық немесе ыстық жерде зарядтау қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тоқтайды. Зарядтауға көп уақыт кетсе, динамиктің зарядталуы да тоқтайды. Осы мәселелерді шешу үшін айнымалы ток адаптерін (бірге берілген) ағытып, 5 °C–35 °C аралығындағы жұмыс температурасында оны қайта жалғаңыз.

  • Динамиктің кірістірілген батареясын динамикке су шашырайтын жерде зарядтамаңыз. Бірге берілген айнымалы ток адаптері, сондай-ақ қақпақ артындағы USB порты және AUDIO IN ұясы су өткізбейтіндей етіп те, шаң өткізбейтін етіп де жасалмаған.

  • Динамикті ұзақ уақыт пайдаланғыңыз келмегеннің өзінде, оның жұмыс өнімділігін сақтау үшін кірістірілген батареяны 6 ай сайын жетерліктей зарядтап отырыңыз.

  • Бірнеше құрылғы байланысы функциясы HFP (Hands-free Profile) стандартымен үйлесімді емес. Сондықтан бірнеше құрылғы байланысы функциясын қолданған кезде, динамиктің қалған батарея заряды Android смартфонында немесе iPhone/iPod touch құрылғысында көрсетілмейді.

  • Android смартфоны BLUETOOTH байланыстарын орнату үшін A2DP (Advanced Audio Distribution Profile) стандартын ғана қолдануға реттелген болса, динамиктің қалған батарея заряды смартфонда көрсетілмейді.