«Fiestable» қолданбасының функциялары

«Fiestable» — «Fiestable» қолданбасымен үйлесімді Sony аудио құрылғыларын смартфондардан, iPhone құрылғысынан, т.б. басқаруға арналған қолданба.

«Fiestable» қолданбасымен динамикте орындауға болатын әрекеттер

  • DJ басқару

    Ойнатылып жатқан музыкаға дыбыс әсерлерін (Isolator, т.б.) немесе сэмплинг дыбыстарын (барабан/қол соғу, т.б.) қосуға болады.

  • Жарықтандыру

    Жарықтандыру функциясын реттеуге болады.

  • Қозғалысты басқару

    Динамикті смартфонды, iPhone құрылғысын, т.б. шайқау арқылы басқаруға болады.

Тұспал

  • «Fiestable» қолданбасымен басқаруға болатын әрекеттер жалғанған құрылғыға байланысты әр түрлі болады. Қолданбаның сипаттамасы мен дизайны ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

Ескерту

  • Apple iOS қолданылатын құрылғыларда осы құрылғы iOS 10.0 не одан кейінгі нұсқалармен үйлесімді. iOS 9.x не одан бұрынғы нұсқалар орнатылған құрылғыларда BLUETOOTH байланысы қолжетімді емес.