Алдын ала орнатылған бағдарламалық құралды жаңарту

Бағдарламалық құралдың жаңа нұсқасы шығарылған кезде, динамиктің алдын ала орнатылған бағдарламалық құралын төмендегі әдістермен жаңартуға болады.

Бағдарламалық құралды жаңартқан кезде, жаңа мүмкіндіктер қосылып, қолдану ыңғайлығы мен тұрақтылығы артады.

  1. Динамикті айнымалы ток адаптерімен (бірге берілген) АТ розеткасына жалғаңыз.

    Кірістірілген батареяны қолданып отырғанда, бағдарламалық құралды жаңарту мүмкін емес.

  2. Динамикті қосыңыз.

    (қуат) индикаторы жасыл түспен жанады.

  3. Қолданбаны іске қосу үшін смартфонда, iPhone құрылғысында, т.б. [Music Center] белгішесін түртіңіз.

    Music Center

  4. [SRS-XB43] құрылғысын түртіңіз.

    Бағдарламалық құралдың жаңа нұсқасы шығарылған кезде, «Sony | Music Center» экранында жаңарту туралы хабарландыру көрсетіледі.

  5. Жаңарту үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

    Бағдарламалық құралды жаңарту процесі ілгерілей түскенде, жасыл (қуат) индикаторының күйі ауысады (5 рет жыпылықтаудан 4 рет жыпылықтауға, бір рет жыпылықтауға және одан кейін сөніп тұратын күйге).

    Жағдайларда байланысты барлық жыпылықтау үлгілерін көре алмауыңыз мүмкін.

    Бағдарламалық құралды жаңартудан кейін динамик алғаш рет қосылған кезде, жаңарту аяқталғанын хабарлау үшін (қуат) және (BLUETOOTH) индикаторлары 3 рет жыпылықтайды.

  6. Динамиктің бағдарламалық құрал нұсқасын растау.

    «Sony | Music Center» қолданбасында [SRS-XB43] – [Settings] – [System] тармағын түртіңіз.

    «SRS-XB43» астында көрсетілген «XXXX» бағдарламалық құрал нұсқасын білдіреді.

Ескерту

  • Жаңарту нәтижесіз болса, қайта зарядталатын кірістірілген батареяны 40% не одан көп деңгейге дейін зарядтаңыз.