«Sony | Music Center» қолданбасының функциялары

«Sony | Music Center» — «Sony | Music Center» қолданбасымен үйлесімді Sony аудио құрылғыларын смартфоннан, iPhone құрылғысынан, т.б. басқаруға арналған қолданба.

«Sony | Music Center» қолданбасы туралы мәлімет алу үшін мына URL мекенжайына кіріңіз:

https://www.sony.net/smcqa/

«Sony | Music Center» қолданбасымен динамикте орындауға болатын әрекеттер

  • Смартфон немесе iPhone сияқты құрылғыда орналасқан, анықтығы жоғары (Hi-Res) аудио мазмұнды қамтитын музыкалық файлдарды ойнату.

  • Дыбыс сапасын және эквалайзерді реттеу

  • Кірістірілген батарея зарядын көрсету

  • Қуатты басқару опциясы параметрлері (Auto Standby функциясы, Bluetooth Standby функциясы, қалған батарея зарядына қатысты дауыстық нұсқау)

  • Жарықтандыруды реттеу (жарықтандыру режимін қосу)

  • BLUETOOTH функциясы арқылы жалғанған құрылғы мен AUDIO IN ұясына жалғанған құрылғы арасында ауысу

  • BLUETOOTH кодегін ауыстыру (BLUETOOTH арқылы аудио ағынын ойнату сапасы)

  • Басқа құрылғылармен топтастыру (Стерео режимде жұптастыру функциясы, Сауық кешінде жалғау функциясы)

  • Динамиктің бағдарламалық құралына арналған жаңартуды немесе бағдарламалық құрал нұсқасын көру

Ескерту

  • «Sony | Music Center» қолданбасымен басқаруға болатын әрекеттер жалғанған құрылғыға байланысты әр түрлі болады. Қолданбаның сипаттамалары мен дизайны ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

  • Apple iOS қолданылатын құрылғыларда осы құрылғы iOS 10.0 не одан кейінгі нұсқалармен үйлесімді. iOS 9.x не одан бұрынғы нұсқалар орнатылған құрылғыларда BLUETOOTH байланысы қолжетімді емес.

  • «Sony | Music Center» қолданбасының ең соңғы нұсқасын қолданып отырғаныңызға көз жеткізіңіз. Динамик пен BLUETOOTH құрылғысын BLUETOOTH байланысы арқылы бір-біріне жалғай алмасаңыз немесе дыбыстың шығарылмауы сияқты мәселе пайда болса, «Sony | Music Center» қолданбасын жойып, BLUETOOTH байланысы арқылы қайта жалғап көріңіз.

    «Sony | Music Center» қолданбасы туралы мәлімет алу үшін Google Play (Play Store) немесе App Store дүкеніне кіріңіз.

  • «Sony | Music Center» және «Music Center for PC» әр түрлі қолданба екенін ескеріңіз.