Динамиктің жарығын қосу/өшіру (Жарықтандыру функциясы)

Динамик көңілді ашу үшін музыкамен бірге жарқырайды. Динамикті сатып алған кезде, жарықтандыру функциясы қосылып тұрады.

  1. Динамикті қосыңыз.

    (қуат) индикаторы жасыл түспен жанады.

    Динамик жанады.

Жарықтандыру функциясын өшіру (жарықты өшіру)/қосу (жарықты қосу)

Динамиктің артқы жағындағы қақпақ артындағы BATT (батарея)/LIGHT түймесін жарықтандыру функциясы өшкенше/қосылғанша шамамен 3 секунд басып тұрыңыз.

Түймені шамамен 3 секунд тағы басып тұрсаңыз, жарықтандыру функциясы қайта қосылады/өшеді.

Тұспал

  • «Sony | Music Center» қолданбасындағы «Illumination» (Жарықтандыру) функциясымен жарықтандыру функциясын қосуға/өшіруге немесе әр түрлі жарықтандыру режимдерін таңдауға болады. Төменде жарықтандыру режимдерінің мысалдары көрсетілген.

    • LIGHT OFF: Жарықтандыру жоқ

    • RAVE: Би музыкасына арналған

      Динамикті сатып алған кезде, RAVE орнатылады.

    • CHILL: Тыныштандырғыш музыкаға арналған

    • HOT: Жылы түсті жарқылдар бар жарықтандыру

    • COOL: Салқын түсті жарқылдар бар жарықтандыру

    • STROBE: Ақ түсті жарқылдары бар жарықтандыру

Ескерту

  • Динамиктің шамы жарық болып көрінсе, бөлме шамдарының жарықтығын арттырыңыз немесе жарықтандыру функциясын өшіріңіз.

  • BATT (батарея)/LIGHT түймесін қолданғаннан кейін, қақпақты толығымен жабуды ұмытпаңыз. Қақпақ су өткізбеу және шаң өткізбеу өнімділігінің сипаттамасында өте маңызды рөл атқарады.