Динамиктің бастапқы параметрлерін орнату

Динамикті қайта қосқаннан кейін ол жұмыс істемесе, зауыттық әдепкі параметрлерін қалпына келтіру үшін динамиктің бастапқы параметрлерін орнатыңыз.

Динамик қосылып тұрғанда, - (дыбыс деңгейі) және (BLUETOOTH) түймелерін динамик өшкенше басып тұрыңыз (5 секунд не одан көп).

Динамиктің бастапқы параметрлері орнатылады. Дыбыс деңгейі, т.б. сияқты параметрлердің әдепкі зауыттық мәндері қалпына келеді және барлық жұптастыру ақпараты өшіріледі.

Ескерту

  • Қуат өшіп тұрғанда, динамиктің бастапқы параметрлерін орнату мүмкін емес.