Динамикті BLUETOOTH құрылғысына Бір тигізіп жалғау (NFC) функциясымен жалғау мүмкін емес

  • Смартфонда экран құлпы қосылып тұрса, оны жалғау мүмкін емес. Смартфонда экран құлпын өшіріп, қайтадан түртіңіз.

  • NFC функциясымен үйлесімді құрылғыны ол әрекет еткенше динамикке жақындатып ұстап тұрыңыз. Жалғанбаса, құрылғыны динамиктің N белгісі бар жерінің үстімен ақырындап жылжытыңыз.

  • NFC функциясымен үйлесімді құрылғыда BLUETOOTH функциясы іске қосылғанын тексеріңіз.

  • Құрылғының NFC функциясы қосылғанын тексеріңіз.

  • Құрылғыға қап орнатылған болса, оны алып тастаңыз.

  • NFC сигналын қабылдау сезгіштігі құрылғыға байланысты әр түрлі болады. Құрылғыны динамикке бір тигізіп жалғау қайта-қайта сәтсіз болса, құрылғыны динамикке оның экранын қолданып жалғаңыз/ажыратыңыз.

  • Құрылғы NFC стандартымен үйлесімді екенін тексеріңіз. Тұтынушыларды қолдау вебсайтынан мәселеге қатысты мәліметті іздеңіз.

  • Стерео режимде жұптастыру немесе Сауық кешінде жалғау функциясын қолдану үшін (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жыпылықтап тұрған динамикпен жұптастырыңыз.