Сауық кешінде жалғау функциясын өшіру

Барлық қосылыстарды ажырату және Сауық кешінде жалғау функциясынан шығу

(BLUETOOTH) индикаторы жанып тұрған динамикте (бірінші динамик ретінде орнатылған динамик) PARTY (Сауық кешінде жалғау) түймесін сигнал естіліп, PARTY (Сауық кешінде жалғау) индикаторы сөнгенше басып тұрыңыз.

Тек бір динамикті өшіру

Сауық кешінде жалғау функциясын өшіргіңіз келетін динамикте (екінші немесе одан кейінгі динамик ретінде орнатылған динамик) PARTY (Сауық кешінде жалғау) түймесін сигнал естіліп, PARTY (Сауық кешінде жалғау) индикаторы сөнгенше басып тұрыңыз.

Тұспал

  • «Sony | Music Center» қолданбасынан Сауық кешінде жалғау функциясы үшін байланыс орнатуға немесе Сауық кешінде жалғау функциясын өшіруге болады.