Дыбыс әсерлерін ауыстырып қолдану

2 дыбыс әсерін қолдануыңызға болады.

Динамикті сатып алған кезде, EXTRA BASS режимі орнатылып тұрады.

Дыбыс әсерінің атауы STAMINA индикаторының түсі Мүмкіндік
STAMINA Сарғылт (EXTRA BASS өшірулі) Қуат үнемдеу режимі
EXTRA BASS Өшеді (EXTRA BASS қосулы) (зауыттық әдепкі параметрлер) Жуан бас дыбысы

Динамик түймесімен EXTRA BASS параметрін ауыстыру

Дыбыс әсерін EXTRA BASS режимінен STAMINA режиміне ауыстыру үшін BATT (батарея)/STAMINA түймесін шамамен 3 секунд басып тұрыңыз.

STAMINA индикаторы сарғылт түспен жанады және дыбыс әсері STAMINA режиміне ауысады.

BATT (батарея)/STAMINA түймесін қайтадан 3 секунд басып тұрсаңыз, STAMINA индикаторы сөнеді және дыбыс әсері қайтадан EXTRA BASS режиміне ауысады.

Sound Effect параметрін «Sony | Music Center» қолданбасымен орнатқан кезде

  1. Қолданбаны іске қосу үшін смартфонда, iPhone құрылғысында, т.б. [Music Center] белгішесін түртіңіз.

    Music Center

  2. [SRS-XB23] құрылғысын түртіңіз.

  3. Дыбыс әсерін таңдау үшін [Settings] - [Sound] - [Sound Effect] тармағын түртіңіз.

    • STAMINA

    • EXTRA BASS

Ескерту

  • Музыкаға байланысты EXTRA BASS әсерлері қатты байқалмауы мүмкін.