Құрылғыдағы музыканы BLUETOOTH байланысы арқылы тыңдау
BLUETOOTH құрылғысы BLUETOOTH профильдерін қолдаса, BLUETOOTH байланысы арқылы динамикпен сол құрылғыдағы музыканы тыңдауға және оны басқаруға болады.
A2DP (Advanced Audio Distribution Profile)
Жоғары сапалы аудио мазмұнды сымсыз тыңдауға мүмкіндік береді.
AVRCP (Audio Video Remote Control Profile)
Дыбыс деңгейін реттеуге және ойнату, кідірту немесе келесі/ағымдағы әннің басына өту үшін басқаруға мүмкіндік береді.
BLUETOOTH құрылғысына қарай әр түрлі әрекеттерді орындау қажет болуы мүмкін. BLUETOOTH құрылғысымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын да қараңыз.
Ескерту
-
Динамиктен кенет қатты дыбыс шықпауы үшін BLUETOOTH құрылғысымен мен динамиктің дыбыс деңгейлері орташа деңгейге орнатылғанына алдын ала көз жеткізіңіз.
BLUETOOTH құрылғысына қарай құрылғыда ойнату тоқтатылып/кідіртіліп тұрғанда, BLUETOOTH құрылғысынан динамиктің дыбыс деңгейін реттей алмауыңыз мүмкін.
-
Динамикті BLUETOOTH құрылғысына жалғаңыз.
BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, динамиктен (BLUETOOTH connected (BLUETOOTH жалғанды)) дауыстық нұсқауы естіліп (BLUETOOTH) индикаторының күйі жыпылықтап тұрудан жанып тұру күйіне ауысады.
-
BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастаңыз.
Сатып алған кезде, динамиктің аудио шығысы монофондық ойнату режиміне орнатылып тұрады.
Динамиктің аудио шығыс параметрін « Sony | Music Center» қолданбасымен монофондық және стерео режимдері арасында ауыстыруға болады.
-
Динамиктегі +/- (дыбыс деңгейі) түймелерін басу арқылы немесе BLUETOOTH құрылғысымен дыбыс деңгейін реттеңіз.
Динамикте +/- (дыбыс деңгейі) түймелерін басқан кезде немесе BLUETOOTH құрылғысында дыбыс деңгейін реттеген кезде, (қуат) индикаторы бір рет не 3 рет жыпылықтайды.
Қолданып отырған BLUETOOTH құрылғысына байланысты динамиктегі (қуат) индикаторы тіпті BLUETOOTH құрылғысында дыбыс деңгейін реттеген кезде де жыпылықтамауы мүмкін.
Ойнату кезінде динамиктегі түймелерді мына әрекеттерді орындау үшін қолдануға болады.
Кідірту
Кідірту үшін ойнату кезінде (ойнату)/(қоңырау) түймесін басыңыз. Кідіртуді доғару үшін оны қайта басыңыз.
Келесі әннің басына өту
Ойнату кезінде (ойнату)/(қоңырау) түймесін екі рет жылдам басыңыз.
Ағымдағы немесе алдыңғы әннің басына өту*
Ойнату кезінде (ойнату)/(қоңырау) түймесін 3 рет жылдам басыңыз.
* Жоғарыдағы әрекеттер қолданып отырған BLUETOOTH құрылғысына байланысты өзгеше болады.
Тұспал
-
Динамик USB айнымалы ток адаптерімен (бөлек сатылады) АТ розеткасына жалғанып тұрғанда, динамиктен музыка ойнатылып жатса да, динамиктің кірістірілген батареясы өзін-өзі зарядтай алады. Дегенмен USB айнымалы ток адаптерінің түріне не сипаттамаларына немесе динамиктің қолданылуына байланысты зарядталу аяқталуы үшін ұзақ уақыт кетуі мүмкін. Батареяны зарядтап жатқан кезде динамикті қолданғыңыз келсе, динамиктің дыбыс деңгейін азайтып немесе динамикті өшіріп, динамикті қолданудан бұрын, батарея толығымен зарядталғанша күтіңіз.
-
Динамикте дыбыс деңгейін ең жоғары немесе ең төмен деңгейге орнатқан кезде, (қуат) индикаторы 3 рет жыпылықтайды.
Ескерту
-
Apple iOS қолданылатын құрылғыларда осы құрылғы iOS 10.0 не одан кейінгі нұсқалармен үйлесімді. iOS 9.x не одан бұрынғы нұсқалар орнатылған құрылғыларда BLUETOOTH байланысы қолжетімді емес.
-
Байланыс шарттары нашар болса, BLUETOOTH құрылғысы динамиктегі әрекеттерге сәйкес әрекет етпеуі мүмкін.
-
Температурасы жоғары жерде қолданған кезде, кірістірілген батареяны қорғау үшін дыбыс деңгейі төмендеуі мүмкін.
-
Кірістірілген батарея заряды аз болса, динамиктің ең жоғары шығыс қуаты азаяды.
-
BLUETOOTH құрылғысына қарай жалғанған құрылғыда дыбыс деңгейін реттеу немесе аудио шығыс параметрін орнату қажет болуы мүмкін.
-
Динамикке жалғанған BLUETOOTH құрылғысына, байланыс ортасына немесе пайдалану ортасына қарай шу пайда болуы немесе дыбыс үзілуі мүмкін.