Монофондық аудио ойнату және стерео аудио ойнату режимдері арасында ауысу
Аудио шығысын ауыстыру
Сатып алған кезде, динамиктің аудио шығысы монофондық ойнату режиміне орнатылып тұрады.
Динамиктің аудио шығыс параметрін «Sony | Music Center» қолданбасымен ауыстыруға болады.
-
Қолданбаны іске қосу үшін смартфонда, iPhone құрылғысында, т.б. [Music Center] белгішесін түртіңіз.
Music Center
-
[SRS-XB23] құрылғысын түртіңіз.
-
[Settings] - [Sound] - [Mono/Stereo] тармағын түртіп, аудио шығыс параметрін таңдаңыз.
Тұспал
-
LDAC стандартымен үйлесімді BLUETOOTH құрылғысын қолдану үшін динамиктің аудио шығыс параметрін өзгертіп, стерео аудио ойнату мүмкіндігін қосыңыз.
Динамикті тігінен/көлденеңінен қою
Динамикті тігінен немесе көлденеңінен қоюға болады (бірнеше күйде орналастыру).
Динамиктің аудио шығысы стерео аудио ойнату режиміне орнатылып тұрғанда, сол арнадағы (сол жақ) аудио Sony логотипінің жазуына жақынырақ динамик компонентінен шығарылады.
Тігінен қою
Көлденеңінен қою
: Sony логотипі
: сол арна (сол жақ)
: оң арна (оң жақ)
Динамикті Sony логотипінің жазуы сол жақта болатындай етіп орналастырыңыз.
Динамиктің аудио шығысы стерео аудио ойнату режиміне орнатылғанда осылай орналастырған жөн.
Ескерту
-
Динамикті тегіс, түзу жерге қойыңыз. Қиғаш жерге қойылған кезде, динамик өзінің дірілдеуі салдарынан түсіп кетіп, жарақатқа, ақауға немесе өнімділіктің төмендеуіне себеп болуы мүмкін.