Қоңырау шалу

HFP (Hands-free Profile) немесе HSP (Headset Profile) BLUETOOTH профилін қолдайтын BLUETOOTH мобильді телефонында BLUETOOTH байланысы арқылы хендс-фри режимінде қоңырау шалуға не қабылдауға болады.

  • BLUETOOTH мобильді телефоны HFP профилін де, HSP профилін де қолдаса, оны HFP профиліне орнатыңыз.

  • BLUETOOTH мобильді телефонына қарай әр түрлі әрекеттерді орындау қажет болуы мүмкін. Мобильді телефонмен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

  1. Динамикті BLUETOOTH мобильді телефонына жалғаңыз.

    BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, динамиктен (BLUETOOTH connected (BLUETOOTH жалғанды)) дауыстық нұсқауы естіліп (BLUETOOTH) индикаторының күйі жыпылықтап тұрудан жанып тұру күйіне ауысады.

    Стерео режимде жұптастыру немесе Сауық кешінде жалғау функциясын қолданған кезде

    (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жыпылықтап тұрған динамикке жалғаңыз. Хендс-фри қоңырауы барысында төмендегі қадамдар мен әрекеттерде BLUETOOTH мобильді телефонына жалғанып тұрған динамикті қолданыңыз.

  2. Қоңырау шалу үшін BLUETOOTH мобильді телефонды қолданыңыз.

    Қоңырау шалған кезде, ойнату кідіртіліп, динамиктен теру үні естіледі.

    Қоңырауды қабылдайтын тарап тұтқаны көтерген кезде, динамиктің микрофонына сөйлеңіз.

    Динамиктен теру үні естілмесе

    • Динамик HFP немесе HSP профилін қолдайтынBLUETOOTH мобильді телефонына жалғанбаған болуы мүмкін. BLUETOOTH мобильді телефонындағы байланыс күйін тексеріңіз.

    • (ойнату)/(қоңырау) түймесін шамамен 2 секунд басып тұру арқылы қоңырау шалу құрылғысын динамикке ауыстырыңыз.

    • Динамикке бірнеше BLUETOOTH құрылғысы жалғанып тұрса (Бірнеше құрылғы байланысы), телефонмен қоңырау шалу мүмкін болмайды. BLUETOOTH байланысын ажыратыңыз немесе BLUETOOTH мобильді телефонынан басқа BLUETOOTH құрылғыларының BLUETOOTH функциясын өшіріңіз.

  3. Телефон шырылдап жатқан кезде немесе телефонмен сөйлесіп жатқанда, динамиктегі +/- (дыбыс деңгейі) түймелерімен немесе BLUETOOTH мобильді телефонынан дыбыс деңгейін реттеңіз.

    Динамикте +/- (дыбыс деңгейі) түймелерін басқан кезде немесе BLUETOOTH мобильді телефонында дыбыс деңгейін реттеген кезде, (қуат) индикаторы бір рет не 3 рет жыпылықтайды.

  4. Қоңырауды аяқтау үшін (ойнату)/(қоңырау) түймесін басыңыз.

    Қоңырау шалудан бұрын музыка тыңдап отырған болсаңыз, қоңырау аяқталған кезде, ойнату жалғасады. Қоңырауды BLUETOOTH мобильді телефонынан аяқтасаңыз, қоңырау шалудан бұрын музыка тыңдап отырған болсаңыз, бұл жағдайда да ойнату жалғасады.

Тұспал

  • Қоңырау шалушы дауысыңызды естімесе немесе әзер естісе, ауызыңызды динамиктің микрофонына жақындатып сөйлеңіз.

  • Музыка ойнатудың және қоңыраудың дыбыс деңгейі динамикте бөлек орнатылады.

Ескерту

  • Apple iOS қолданылатын құрылғыларда осы құрылғы iOS 10.0 не одан кейінгі нұсқалармен үйлесімді. iOS 9.x не одан бұрынғы нұсқалар орнатылған құрылғыларда BLUETOOTH байланысы қолжетімді емес.

  • Стерео режимде жұптастыру немесе Сауық кешінде жалғау функциясын қолданған кезде, телефон қоңырауының дыбысы (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жанып тұрған динамиктен ғана шығады.

  • BLUETOOTH мобильді телефонына байланысты қоңырау шалған кезде ойнату кідіртілмеуі мүмкін.

  • BLUETOOTH мобильді телефонын динамиктен кемінде 50 см қашықтықта қолданыңыз. Динамик пен BLUETOOTH мобильді телефоны бір-біріне тым жақын болса, шу пайда болуы мүмкін.

  • Бірнеше құрылғы байланысы орнатылып тұрғанда, хендс-фри функциясын қолдана алмайсыз. Бірнеше құрылғы байланысын ажырату үшін қолданып отырмаған BLUETOOTH құрылғысында (-ларында) BLUETOOTH функциясын өшіріңіз.