Музыканы 2 динамикпен сымсыз тыңдау (Стерео режимде жұптастыру функциясы)

Стерео режимде жұптастыру функциясын қолдану үшін 2 SRS-XB23 динамик қажет. 2 динамикті BLUETOOTH байланысы арқылы жалғап, қуаттырақ дыбысты тыңдай аласыз.

Динамиктер арасында стерео режимде ойнату үшін бір динамик дыбысты оң арнада (оң жақта), ал екінші динамик дыбысты сол арнада (сол жақта) ойнатады.

Apple iOS қолданылатын құрылғыларда осы құрылғы iOS 10.0 не одан кейінгі нұсқалармен үйлесімді. iOS 9.x не одан бұрынғы нұсқалар орнатылған құрылғыларда BLUETOOTH байланысы қолжетімді емес.

Ескерту

  • Динамик пен BLUETOOTH құрылғысы арасында байланыс орнатудан бұрын, динамиктен кенет қатты дыбыс шықпауы үшін динамиктің және құрылғының дыбыс деңгейін төмендетіңіз немесе құрылғыда музыканың ойнатылуын тоқтатыңыз.

  1. 2 динамикті бір-бірінен 1 м қашықтық ішінде орналастырып, одан кейін екі динамикті де қосыңыз.

    (қуат) индикаторы жанады.

    (BLUETOOTH) индикаторы баяу жыпылықтайды.

    Бұдан бұрын жалғанған BLUETOOTH құрылғысы жақын жерде болса, динамик құрылғыға автоматты түрде жалғанып, одан кейін (BLUETOOTH) индикаторы жануы мүмкін. Мұндай жағдайда BLUETOOTH құрылғысында BLUETOOTH функциясын өшіріңіз немесе BLUETOOTH құрылғысын өшіріңіз.

    Динамикте жұптастыру ақпараты болмаса, мысалы сатып алғаннан кейін BLUETOOTH функциясын алғаш рет қолданған кезде, (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен екі рет жыпылықтап тұрады.

  2. Динамиктердің бірінде ST PAIR (Стерео режимде жұптастыру) түймесін басыңыз.

    Сигнал естіліп, (BLUETOOTH) индикаторы және ST PAIR (Стерео режимде жұптастыру) индикаторы жыпылықтайды. Шамамен 6 секундтан кейін ST PAIR (Стерео режимде жұптастыру) индикаторы жыпылықтауын тоқтатып, жанып тұра бастайды және сигнал естіледі.

  3. Екінші динамикте ST PAIR (Стерео режимде жұптастыру) түймесін басыңыз.

    ST PAIR (Стерео режимде жұптастыру) индикаторы жанады.

    Әр динамиктен «Left» (сол) немесе «Right» (оң) деген дауыстық нұсқау естіліп, динамиктер Стерео режимде жұптастыру функциясы арқылы жалғанады.

    Динамиктер Стерео режимде жұптастыру функциясы арқылы жалғанып тұрғанда, екі динамиктің де ST PAIR (Стерео режимде жұптастыру) индикаторы жанып тұрады және динамиктердің біреуінде (BLUETOOTH) индикаторы өшеді.

    Тұспал

    • 2 динамик арасында бірден BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, (BLUETOOTH) индикаторы және ST PAIR (Стерео режимде жұптастыру) индикаторы жыпылықтамауы, оның орнына ST PAIR (Стерео режимде жұптастыру) индикаторы жануы мүмкін.

    • Екінші динамикті 1 минут ішінде реттеңіз. 1 минут ішінде реттемесеңіз, бірінші динамиктің реттелуі тоқтатылады.

  4. BLUETOOTH құрылғысымен BLUETOOTH байланысын орнату үшін (BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтап тұрған динамикті қолданыңыз.

    BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, динамиктен (BLUETOOTH connected (BLUETOOTH жалғанды)) дауыстық нұсқауы естіліп (BLUETOOTH) индикаторының күйі жыпылықтап тұрудан жанып тұру күйіне ауысады.

  5. BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастап, дыбыс деңгейін орташа мәнге реттеңіз.
  6. Дыбыс деңгейін реттеу үшін динамиктердің біріндегі +/- (дыбыс деңгейі) түймелерін басыңыз.

    Бір динамиктің дыбыс деңгейі өзгерілгенде екінші динамиктің дыбыс деңгейі сәйкесінше өзгереді.

Оң (оң жақ) және сол (сол жақ) аудио арналарды алмастыру

Динамиктердің кез келгенінде динамиктің артқы жағында орналасқан қақпақ артындағы ST PAIR (Стерео режимде жұптастыру) түймесін басып тұрыңыз.

Дауыстық нұсқау естіліп, оң және сол аудио арналар алмастырылады.

Тұспал

  • «Sony | Music Center» қолданбасынан Стерео режимде жұптастыру функциясы үшін байланыс орнатуға немесе Стерео режимде жұптастыру функциясын өшіруге болады. Бұған рұқсат беру үшін функцияға жалғанатын әрбір динамиктегі алдын ала орнатылған бағдарламалық құралды ең соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз.

    (Жаңарту процедурасы туралы мәлімет алу үшін Алдын ала орнатылған бағдарламалық құралды жаңарту бөлімін қараңыз.)

  • Қоңырау шалған немесе қабылдаған кезде, (BLUETOOTH) индикаторы жанатын динамикті ғана қолданыңыз.

  • BLUETOOTH тінтуірі немесе BLUETOOTH пернетақтасы сияқты кез келген басқа BLUETOOTH құрылғысы (-лары) динамикке жалғанған BLUETOOTH құрылғысына жалғанса, динамиктен бұрмаланған дыбыс не шу шығарылуы мүмкін. Мұндай жағдайда BLUETOOTH құрылғысы мен басқа BLUETOOTH құрылғысының (-ларының) арасындағы BLUETOOTH байланысын ажыратыңыз.

  • Стерео режимде жұптастыру функциясын қолданған кезде, кодек автоматты түрде SBC кодегіне ауысады.

  • Динамикті өшірген кезде, Стерео режимде жұптастыру функциясы өшпейді. Динамик қайта қосылған кезде, ол Стерео режимде жұптастыру функциясы үшін байланыс орнатуға әрекет жасайды. Стерео режимде жұптастыру функциясын қолдану үшін басқа динамикті 1 минут ішінде қосыңыз.

    Дегенмен BLUETOOTH күту функциясы 2 динамикте де іске қосылып тұрған жағдайда, динамиктердің біреуін қосқан кезде, екіншісі де автоматты түрде қосылады да, Стерео режимде жұптастыру функциясы үшін 2 динамик арасында байланыс орнатылады.

Ескерту

  • Стерео режимде жұптастыру функциясы іске қосылып тұрғанда, динамиктердің біреуін қайта қосқан немесе оның бастапқы параметрлерін орнатқан кезде, Стерео режимде жұптастыру функциясын өшіру үшін екінші динамикте ST PAIR (Стерео режимде жұптастыру) түймесін басуды ұмытпаңыз. Динамикті Стерео режимде жұптастыру функциясын өшірмей одан әрі қолдана берсеңіз, BLUETOOTH байланысының орнатылмауы немесе дыбыстық кедергі сияқты мәселелерге тап боласыз.