Зарядтауға қатысты ескертулер

Кірістірілген литий-ион батареясының қызмет мерзімі

  • Динамикті ұзақ уақыт пайдаланғыңыз келмегеннің өзінде, оның жұмыс өнімділігін сақтау үшін кірістірілген батареяны 6 ай сайын жетерліктей зарядтап отырыңыз.

  • Динамик ұзақ уақыт қолданылмаса, кірістірілген батареяны зарядтау үшін көбірек уақыт кетуі мүмкін.

  • Қайта зарядталатын кірістірілген батареяның қызмет мерзімі шектеулі. Уақыт өте және кірістірілген батареяның қолданылу саны артқан сайын, қайта зарядталатын кірістірілген батареяның сыйымдылығы ақырындап азаяды. Толығымен зарядталуына қарамастан, кірістірілген батареяны қолдану уақыты айтарлықтай қысқарған болып көрінсе, ең жақын Sony сату орталығына хабарласыңыз.

  • Кірістірілген батареяны пайдалану уақыты айтарлықтай қысқарған болып көрінген кезде, қайта зарядталатын кірістірілген батареяның қызмет мерзімі аяқталған болуы мүмкін.

  • Қайта зарядталатын кірістірілген батареяның қызмет мерзімі пайдалануға, ортаға және сақтау әдісіне қарай өзгереді.

Абайлаңыз

Кірістірілген батареяны зарядтап жатқанда динамик төмендегі себептерге байланысты мәселені анықтаған кезде, CHARGE индикаторы (сарғылт) зарядтау аяқталмаса да өшеді.

  • Қоршаған орта температурасы 5 °C–35 °C ауқымынан тыс.

  • Кірістірілген батареяға қатысты мәселе бар.

  • Кірістірілген батарея ұзақ уақыт зарядталған кезде.

Ескерту

  • Зарядтау уақыты кірістірілген батареяны пайдалану шарттарына байланысты болады.

  • Динамикті қоршаған орта температурасы 5 °C–35 °C аралығында болғанда зарядтаңыз.

  • Динамик зарядтаған кезде жылиды. Бұл ақаулық емес.

  • Температураның күрт өзгеруі, тікелей күн түсу, тұман, құм, шаң не механикалық соққы әсеріне ұшыратпаңыз. Сондай-ақ динамикті күн түсетін жерде тұрған автокөлікте ешқашан қалдырмаңыз.

  • Динамик USB айнымалы ток адаптерімен (бөлек сатылады) АТ розеткасына жалғанып тұрғанда, динамик қосылып тұрса да, динамиктің кірістірілген батареясы өзін-өзі зарядтай алады. Дегенмен динамиктің қолданылуына байланысты зарядталу аяқталуы үшін ұзақ уақыт кетуі мүмкін. Батареяны зарядтаудан бұрын динамикті өшіріп қойған жөн.

  • Сондай-ақ динамиктің кірістірілген батареясын динамикті USB зарядтау портымен жабдықталған компьютерге жалғау арқылы зарядтауға болады. Дегенмен барлық компьютерлер тексеріліп, осы процедураға сәйкес келетіні анықталған жоқ, сондай-ақ бұл процедура үйде құрастырылған компьютерлерге жарамды емес.

  • Компьютер АТ қуат көзіне жалғанып тұрмағанда, динамикті компьютерге ұзақ уақыт жалғап қоймаңыз. Әйтпесе компьютердің батареясының заряды таусылуы мүмкін.

  • Аса суық немесе ыстық жерде зарядтау қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тоқтайды. Зарядтауға көп уақыт кетсе, динамиктің зарядталуы да тоқтайды. Осы мәселелерді шешу үшін динамиктен USB кабелін ағытып, 5 °C–35 °C аралығындағы жұмыс температурасында оны қайта жалғаңыз.

  • Жоғары температурада зарядталмауы немесе батарея қуатын сақтау үшін дауыс қаттылығы төмендеуі мүмкін.

  • Батарея зарядтау үшін USB хабын қолдану мүмкіндігіне кепілдік берілмейді.