Қуатты автоматты түрде өшіру (Auto Standby) функциясы

Динамик төмендегі шарттарға шамамен 15 минут сәйкес келіп тұрса, ол автоматты түрде өшеді.

Сатып алған кезде, қуатты автоматты түрде өшіру (Auto Standby) функциясы өшіп тұрады.

  • Динамикте ешқандай әрекеттің жасалмауы.

  • Жалғанған мобильді телефонның (смартфонның) хендс-фри функциясы өшіп тұруы және мобильді телефонның (смартфонның) музыка (аудио) ойнатып тұрмауы және басқарылып тұрмауы. Толық мәлімет алу үшін мобильді телефонмен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

  • WALKMAN® сияқты жалғанған BLUETOOTH құрылғысының музыка (аудио) ойнатып тұрмауы және басқарылып тұрмауы.

Тұспал

  • Қуатты автоматты түрде өшіру (Auto Standby) функциясын «Sony | Music Center» қолданбасымен қосуға не өшіруге болады.

Ескерту

  • Динамик iPhone/iPod touch құрылғысына BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанып тұрғанда, қуатты автоматты түрде өшіру (Auto Standby) функциясы өшіріледі.